«Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы



Pdf көрінісі
Дата11.02.2020
өлшемі144,54 Kb.
#57715
Байланысты:
Приложение 3. Программа практики по спец. 5В010800Дене шынықтыру және спорт


Қосымша 3.

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ

«Дене шынықтыру және спорт»  кафедрасы

Гусейнов М.



5В010800 – «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының

студенттеріне арналған біртұтас

Практика  бағдарламасы

                                              Шымкент,  2016 ж.



5В010800   –   «Дене   шынықтыру  және   спорт»  мамандығының   студенттеріне   арналған

біртұтас практика бағдарламасы. – Шымкент: Шымкент университеті, 2016 ж. 12 бет.

 

  Ұсынылған   практика   бағдарламасы   5В010800   –   «Дене   шынықтыру   және   спорт»



мамандығының   студенттеріне   практикалық   іс-тәжірибелерді   өткізу   үшін   қажетті   оқу-

әдістемелік құрал болып табылады.

Рецензенттер:

Алшынбаев К., АӘИУ аға оқытушы, п.ғ.к. 

Найзабеков А.Б.  Шымкент университеті, доцент, м.ғ.к.

  Практика   бағдарламасы   Шымкент   университетінің   оқу-әдістемелік   кеңесінде

талқыланып құпталды.

Шымкент университеті. 2016 ж.



Алғы сөз

5В010800   –   Дене   шынықтыру   және   спорт   мамандығының   студенттері

университетте   оқу   кезінде,   оқу   жоспарына   сәйкес   оқу,педагогикалық,

өндірістік(педагогикалық)  және  дипломалды  іс-тәжірибе түрлерінен  өтеді.  5В010800 -

«Дене   шынықтыру   және   спорт»   мамандықтары   бойынша   алған   психологиялық,

педагогикалық   пәндердің   теориялық   білімдерін   игеруге,   оқу,   педагогикалық   және

өндірістік   іс-тәжірибелік   жұмыс   дағдыларын     қалыптастырумен   байланыстыруға

мүмкіндік береді.  Болашақ «дене тәрбиесі» пәні оқытушысының бойында кәсіптік және

психологиялық дағды қалыптастыру , студенттерді орта білім беру мекемелерінде жұмыс

істеу   жағдайына   бейімдеу,   олардың   бойында   мұғалім   мамандығына   деген   саналы

қызығушылық қалыптастыру іс-тәжірибенің мақсаты болып табылады.

 

Оқу   практикасы  1   және   2   курста   өтеді.   Сонымен,   оқу   практикасының   мақсаты

базалық   және   кәсіби   пәндер   бойынша   теориялық   білімдерін   іс-тәжірибелер   арқылы

нақтылау саналады. 



Педагогикалық   практика  студенттер   үшін   маңызды   оқу   үрдісінің   бөлімі   болып

саналады. Педагогикалық практика барысында студенттер мектептегі дене шынықтыру

жұмыстарының озық тәжірибесімен танысады.  Оқу орында алған оқу , спорт, тәрбие

және әдістемесін, жұмыс білімін және дағдыларын іске асырып, тереңдетеді . Тәжірибе

барысында   студенттер   оқушылардың   іс-қимыл   қозғалысын   зерттеу   ,   қадағалау

әдістемесін   үйренеді.   3-курста   өткізілетін   студенттердің   алған   теориялық   білімдерін

олардың   бойында   таңдаған   мамандықтары     бойынша   іс-тәжірибие   дағдыларын

қалыптастыруды,   педагогикалық   қызметтің   алғашқы   тәжірибесімен   қаруландыруды

мақсат етеді.

Өндірістік(педагогикалық)   практика    барысында   студенттер   спорт   мектебіндегі

жаттығу жұмыстарының  озық тәжірибесімен  танысады.  Оқу орында алған  оқу ,спорт,

тәрбие   және   әдістемесін   жұмыс   білімін   және   дағдыларын   іске   асырып,тереңдетеді   .

Тәжірибе   барысында   студенттер   жаттығушылардың   іс-қимыл   қозғалысын   зерттеу,

қадағалау   әдістемесін   үйренеді.   4-курстағы   өндірістік(педагогикалық)     іс-тәжірибе

студенттерді   дайындаудың     маңызды   саласы   болып   табылады.   5В010800-«Дене

шынықтыру және спорт» мамандықтары бойынша алған психологиялық, педагогикалық

пәндердің   теориялық   білімдерін   игеруге,   педагогикалық   іс-тәжірибелік     жұмыс

дағдыларын  

  қалыптастырумен   байланыстыруға   мүмкіндік   береді.

Өндірістік(педагогикалық)   іс-тәжірибе     4   курста   өткізіледі.   Студенттер   қала

мектептерінде   5   апта   бойында   мұғалім   қызметін   атқарады.   Мектеп   бағдарламасына

сәйкес сабақ жүргізеді. Мектептегі оқу, тәрбие және қоғамдық жұмыстарды жоспарлау,

бағалау және қадағалау бойынша машықтанады. 



Дипломалды   практика  болашақ   оқытушыларды   педагогикалық   жұмысқа   сапалы

дайындау   және   қызығушылықты   қалыптастыру   үшін   мүмкіндік   туғызу.   Студенттерді

оқытушының   негізгі   функцияларын,   сынып   жетекшісінің   қызметін   атқаруға   дайындау,

басқару, білім беру, тәрбиелік, дамытушылық,  ұйымдастыру. Болашақ оқытушылардың

педагогикалық қызмет бабындағы обьектінің   үйренудің аспектісі негізінде, болжамдау,

талдау, жобалау қабілеттерін сипаттай білуді қалыптастыру.

Дипломалды   іс-тәжірибенің   мақсаты   студенттердің   алдыңғы   курста   алған   білім,

білім дағдыларын жетілдіру және өз бетінше жүргізетін кәсіби- педагогикалық қызметке

дайындау. 

Дипломалды іс-тәжірибе  4 курста өткізіледі. Студенттер қала мектептерінде 5 апта

қөлемінде 4 курс бойы алған білімдерін, іс-тәжірибе барысындағы жасаған жұмыстарын

қатар алып, ғылыми ізденісте жүреді.



1.

Практика бойынша жалпы ережелер

  Оқу практикасының мақсаты мен міндеттері

1. 1 курста оқу, оқу-таныстыру іс-тәжірибесі ұйымдастырылады.

2. Оқу,  оқу-таныстыру  іс-тәжірибесінің   бағдарламасы   жалпы   немесе   шығарылатын

кафедрамен   әзірленеді.   Арнайы   аудиторияда   жиналып,   бағдарлама   бойынша   таныстыру,

орнықтыру конференциясы өтіледі.

3. Оқу,   оқу-таныстыру   іс-тәжірибесінің   мақсаты-білім   алушыларды   жоғары   оқу

орнының іске асырылған білім беру бағдарламаларымен, оқылған мамандығымен, болашақ

кәсіби қызметінің мақсатымен және функция түрлерімен танысу. Атап айтқанда мектеп және

спорт мектептердің жұмыстарымен жалпы таныстыру.

4. Оқу   және   оқу   таныстыру   іс-тәжірибесінің   базасы   оқу   мекемелері,   оқу

шеберханалары, зертханалар, полигондар, шаруашылық тәжірибелер, клиникалар, т.б. ЖОО-

ның оқу қосымша бөлімшелері, сонымен қатар болашақ кәсіби қызметіне сәйкес ұйымдары

болып   табылады.   Оның   ішінде   спортзал   және   спорт   кешендерімен   таныстыру,   яғни   топ

серуен ұйымдастыру.

5. Егер   оқу   және   оқу   таныстыру  іс-тәжірибесі   тиісті   ұйымдардан   тыс   өтілсе   онда

шарт жасалуы тиіс ( колледж, спорт мектептері, мектептер ).

6. Оқу және оқу таныстыру іс-тәжірибесінің өтілу мерзімі, 2-3 апта құрайды. Берілген

кестеге сәйкес әр семестрге 1 аптадан бөлінген.

7. Оқу   және   оқу   таныстыру   іс-тәжірибесінің   қорытындысы   бойынша   оқушылар

кафедраға есеп  тапсырады, оны іс-тәжірибенің  ғылыми жетекшісі тексеріп,  және кафедра

меңгерушісінің бұйрығымен құрылған комиссияның алдында қорғайды.

  Есепті   қорғау  қорытындысы   дифференциалдық   сынақпен   сандық   балды-рейтингтік

әріптік баға жүйесімен бағаланады. 

  

 Оқу практикасының өткізілуіне қойылатын талаптар

1. Бағдарлама бөлімдерінің толық көлемін орындауға;

2. Іс-тәжірибе талаптарын орындауға;

3. Іс-тәжірибе бағдарламасы көлемінде ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстарға қатысуға;

4. Жеке жұмыс жоспары бойынша тапсырмаларды уақытысында орындауға;

5. Уақытында есеп беру құжаттарын толтыруға және өткізуге;

        Педагогикалық практиканың мақсаттары мен міндеттері

Педагогикалық   практиканың   мақсаты   ол   студенттің   жалпы   білім   беру   мектебінің

мұғалімі   қызметін   атқаруға   дағдылану   саналады.   Педагогикалық   практика   кезінде

практикант келесі дағдыларды қалыптастыруы қажет:

1.

Студенттерге оқытушы мамандығына қызығушылығын арттыру;



2.

Мектептердегі оқу процесімен танысу(мектептің, дене тәрбиесі мұғалімінің,

сынып жетекшісінің жұмыс жоспарларымен);

3.

Дене   тәрбиесі   мұғалімінің   кәсіби   –педагогикалық   дағдыларын



қалыптастыру;

4.

Сыныптан тыс тәжірибе жұмыстарын жоспарлау үйрену, тәрбие жұмысының



мақсаттарын   шешу   және   анықтау,   оқушыларды   тәрбиелеудегі   әртүрлі   әдістерді

қолдану;


5.

Студенттерге өзін-өзі бағалау қасиетін қалыптастыру;

6.

Әр   мектептегі     дене   тәрбиесі     құрылысының   әдістері   мен   түрлерін



тереңдетіп үйрену;

7.

Оқушылармен   оқу   тәрбие   сабақтарын   өткізу   дағдыларын   қалыптастыру



және жетілдіру, өз бетімен сабақтарды өткізуді үйрену;

8.

Оқу-әдістемелік,   ғылыми-әдістемелік,   сауықтыру,   жаппай   спорттық

шараларды ұйымдастыру және өткізу дағдыларын қалыптастыру;

9.

Оқу құжаттарын  құру дағдысын үйрену ;



10. Оқушылармен тәрбие жұмыстарын жүргізуді үйрену;

Өндірістік(педагогикалық) практиканың мақсаттары мен міндеттері 

Студенттерді   көп   қырлы   педагог     қызметіне     бейімдей   түседі,   олардың   мектеп

атмосферасына психологиялық бейімін қалыптастырады, бітіру алдындағы курстың бітіруші

курста өтетін өндірістік(педагогикалық) іс-тәжірибе күрделене түсетінін байқатады.

1 Болашақ   мұғалімінің   кәсіби   сапасын   қалыптастыру:   пәнді   терең   игеру,өз   кәсібін

сыйлау, балаларға деген сүйіспеншілігін ояту, балалармен қарым-қатынас жасай білу.

2 Студенттерді  мектептің қазіргі жағдайындағы  оқу-тәрбиелік жұмыстарымен, жаңа

білім беру технологияларын қалыптастыру саласындағы ізденістермен, мұғалімдердің  озық

тәжірибелерімен таныстыру.

3 Студенттердің   университетте   алған   теориялық   білімдерін   тереңдете     түсу     және

бекіту , осы білімді болашақта оқу-тәрбиелік  жұмыстарда қолдану.

4 Балалар   және     жасөспірімдер   мен   өткізілетін     оқу-тәрбие   жұмыстарына   бақылау

жасау және талдауды студент бойына қалыптастыру .

5 Балалар   мен   жасөспірімдердің   психологиясы,   педагогикасы   және   физиологиясы

туралы   алынған   білімдерге   сүйене   отырып,   оқушылардың   жас   ерекшелігі   мен   жеке

қабілеттерін ескерген жағдайда оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізу .

6 Студенттерді оқытудың алуан түрлі әдіс-тәсілдермен  құралдарын қолдана  отырып,

түрлі типтегі және түрдегі сабақтар өткізуге дайындау.

7 Студенттерді топтық ұжыммен жұмыс істеуге, сондай-ақ жаттығушылар мен жеке

тәрбие жұмысын жүргізуге үйрету.

8 Студенттер     бойында   жаттықтырушылық   қызметке   деген   ынтасын   нығайту,  оған

деген шығармашылық жол ашу, өз білімін үнемі жетілдіру түсуге баулу.

9 Студенттердің   кәсібіне   деген   сүйіспеншілігін   дамыту,   арнайы   және   өз   қабілетін

жетілдіре түсуге  ынталандыру.



Педагогикалық және өндірістік(педагогикалық) іс-тәжірибе өткізуге қойылатын

талаптар

Педагогикалық практика міндетті түрде мектепте өткізіледі. Практика өтетін мектеппен

заңды   бекітілген   келісім   шарт   болуы   тиіс.   Педагогикалық   практикаға   студенттер

университеттің   ректорының   бұйрығымен   бекітілген   және   оқу   жоспарында   көрсетілген

мерзімде   барады.   Алдын   ала,   студенттердің   қай   мектепке   және   қандай   сыныптарға   қай

сабақтардан   мұғалім   қызметін   атқаратыны   туралы   мағлұматтар   жиналады.   Студенттерге

арнайы  практика жөніндегі әдіскер бекітіледі. Практикаға керекті әдістемелік және келісім

шарттық құжаттар тапсырылады. Практика кезінде студенттің орындайтын жұмыстары мен

жинайтын   материалдары   және   практика   туралы   есеп   беруге   қажетті   материалдар   мен

құжаттар   тізімі   нақтыланады;   практикаға   жолдама,   күнделік   және   практикаға   арнайы

тапсырмалар.

Мектепке келгеннен кейін студенттер мектеп басшысының нұсқауы  бойынша белгілі

пән   мұғалімінің   қарамағына   бекітіледі.   Практикант   оқу   бағдарламалары   және   сабақ

жоспарларымен еркін танысуы шарт. Практикант мектептегі техника қауіпсіздігімен танысып

арнайы жұрналға қол қояды. Сабақ кестесімен танысады.

Практика кезінде студент күнделікті атқарған жұмысы туралы жазбаша есеп жинайды.

Практика   соңында   студент   күнделігін   және   практика   өткені   туралы   құжаттарды   мектеп

басшысының   қолымен   және   мөрімен   нақтылап   жабады.   Студентке   мектеп   басшысы

мінездеме береді.

Студент күнделіктен басқа, барлық байқаған және үйренген әдістемелік материалдар

туралы   арнайы   дәптерге   материал   жинайды.   Практика   соңында   барлық   жиналған


материалдарды қорытындылап практика туралы есеп жазады.Университетке келгеннен кейін

келесі   1   апта   ішінде   студент   практика   туралы   есебін   кафедраға   өткізуі   тиіс.   Есеп

университеттің арнайы кеңесінде қорғалып бағаланады. 

        Практикаға   қатыспаған   студентке   және   практика   кезінде   барлық   педагогикалық

ережелерді  сақтамағана  және оны  бұзған студенттерге мектеп  директоры  шара  қолдануға

құқықты   және   оол   туралы   университет   ректорына   хабарлайды.   Университет   ректоры   ол

хабарды талқылап ары қарай қандай шара қолдануды шешеді.

 Дипломалды практиканың мақсаттары мен міндеттері 

1.  Диплом алды іс- тәжірибесі студент – практикант бағдарламасының талабына сай бағыт

барлық берілген тапсырмасы толық көлемінде орындауға тиіс.

2. Мектептің  ішкі  ережесін  бұзбай оның еңбек тәртібін қатаң сақтап  орындауға  міндетті.

Әрбір   студент   мектепте   күніне   6   сағат   болуға   және   іс-   тәжірибе   бағдарламасындағы

көрсетілген жұмыстарды толық орындауға міндетті.

3. Дипломалды іс-тәжірибе кезінде әрбір студент ұйымдастырушылық қабілеттілігі жағынан

үлгілі болуға міндетті.

4.     Дипломалды   іс-   тәжірибе   кезінде   әрбір   студент   жеке   жоспар   жасап,   оған   тараулар

бойынша сараптама жазады.

  5.   Практикант   мектептің   ішкі   тәртібіне   бағынады.   Мектеп   әкімшілігінің   нұсқауы

орындалмаған жағдайда практикант іс- тәжірибеден шектеледі.

 6. Диплом алды іс-тәжірибеден шектелген және жұмыс қанағаттандырылмаған студент оқу

жоспарын орындамаған болып есептелінеді.

  7.   Диплом   алды   іс-тәжірибенің   қорытындысында   студенттің   сынақ   кітапшасына   баға

қойылады.

Дипломалды іс-тәжірибе өткізуге қойылатын талаптар

Дипломалды практикаға студенттер университеттің ректорының бұйрығымен бекітілген

және   оқу   жоспарында   көрсетілген   мерзімде   барады.   Практика   өтетін   мектеппен   заңды

бекітілген келісім шарт болуы тиіс.

Практика   кезінде   студенттің   орындайтын   жұмыстары   мен   жинайтын   материалдары

және практика туралы есеп беруге қажетті материалдар мен құжаттар тізімі нақтыланады



  Практика соңында барлық жиналған материалдарды қорытындылап практика туралы

есеп жазады.Университетке келгеннен кейін келесі 1 апта ішінде студент практика туралы

есебін кафедраға өткізуі тиіс. Есеп университеттің арнайы кеңесінде қорғалып бағаланады. 

     2. Практиканың жеке түрлерінің бағдарламасы

                                      Оқу практикалары 



   2.1. Оқу практика туралы қысқаша сипаттама 

1,2 курста оқу, оқу-таныстыру іс-тәжірибесі ұйымдастырылады. Оқу, оқу-таныстыру іс-

тәжірибесінің   бағдарламасы   жалпы   немесе   шығарылатын   кафедрамен   әзірленеді.   Арнайы

аудиторияда жиналып, бағдарлама бойынша таныстыру, орнықтыру конференциясы өтіледі.

Оқу, оқу-таныстыру іс-тәжірибесінің мақсаты-білім алушыларды жоғары оқу орнының

іске   асырылған   білім   беру   бағдарламаларымен,   оқылған   мамандығымен,   болашақ   кәсіби

қызметінің мақсатымен және функция түрлерімен танысу. Атап айтқанда мектеп және спорт

мектептердің жұмыстарымен жалпы таныстыру.

Оқу және оқу таныстыру іс-тәжірибесінің базасы оқу мекемелері, оқу шеберханалары,

зертханалар,   полигондар,   шаруашылық   тәжірибелер,   клиникалар,   т.б.   ЖОО-ның   оқу

қосымша бөлімшелері, сонымен қатар болашақ кәсіби қызметіне сәйкес  ұйымдары болып

табылады.   Оның   ішінде   спортзал   және   спорт   кешендерімен   таныстыру,  яғни   топ   серуен

ұйымдастыру.


Егер оқу және оқу таныстыру іс-тәжірибесі тиісті ұйымдардан тыс өтілсе онда шарт

жасалуы тиіс ( колледж, спорт мектептері, мектептер ).

Оқу және оқу таныстыру іс-тәжірибесінің өтілу мерзімі, 2-3 апта құрайды. Берілген

кестеге сәйкес әр семестрге 1 аптадан бөлінген.

Оқу және оқу таныстыру іс-тәжірибесінің қорытындысы бойынша оқушылар кафедраға

есеп   тапсырады,   оны   іс-тәжірибенің   ғылыми   жетекшісі   тексеріп,   және   кафедра

меңгерушісінің бұйрығымен құрылған комиссияның алдында қорғайды.

Есепті   қорғау   қорытындысы   дифференциалдық   сынақпен   сандық   балды-рейтингтік

әріптік баға жүйесімен бағаланады. 

  

Оқу (таныстыру) педагогикалық іс-тәжірибеге арналаған әдістемелік нұсқаулар



    Жеке   жоспар.   Бұл   құжатта   іс-тәжірибенің   өтуі   мерзіміндегі   орындалатын   барлық

жұмыстар  көрсетіледі.  Бұл жоспар  дене шынықтыру пәнінің  мұғалімінің  қатысуымен  бірге

түзіледі және әдіскер бекітеді.

Жеке жоспар бір апта мерзіміне түзіледі. Оның мазмұны нақты және тақырыпты болуы

тиіс.

Күнделік  және есебі. Практиканттың күнделігі барлық жұмыстарды тіркеу үшін қажет.

Әдіскер студенттің күнделікті жұмысының барысын күнделік арқылы қадағалайды.  Іс тәжірибе

біткенше практикант күнделігін өзімен бірге мектепте алып жүруі тиіс және оны жүйелі түрде

толтыруы   қажет.  Тәжірибе   аяқталғаннан   кейін   күнделік   басқа   құжаттармен   бірге   әдіскерге

тапсырылады.

2.2 Педагогикалық практика туралы қысқаша сипаттама

Дене шынықтыру мамандығының 3 курс студенттерінің педагогикалық тәжірибені

бағдарлама бойынша 8 апта жалпы білім беретін мектептерде мұғалімнің көмекшісі және

мұғаліммен өтеді. 

Педагогикалық іс тәжірибені ұйымдастыру университет ректораты,  педагогикалық

іс тәжірибесіне жауапты кафедрасы және педагогика–психология кафедраларымен бірге

іске   асады.   Педагогикалық   іс   тәжірибенің     маңыздысы   студенттердің   әдістемелік,

кәсіптік, психологиялық, педагогикалық, теориялық дайындығы болып табылады. 

Педагогикалық   іс   тәжірибе   бірнеше   кезеңнен   тұрады.   Дайындық   кезеңде

педагогикалық  іс тәжірибе басталар алдында  факультет  басшылығымен бірге кафедра

меңгерушілері   педагогикалық   іс   тәжірибе   қай   мектепте   өтілетінін   анықтайды.

Педагогикалық іс тәжірибе өтілу жоспарын құрайды.

Педагогикалық   іс   тәжірибе   басталар   алдында   университет   ректораты

педагогикалық   іс   тәжірибесіне   жауапты   кафедрасы   және   педагогика,   психология

кафедраларымен   бірігіп   кіріспе   конференция   жүргізуді   бастайды.Осы   конференцияда

студенттерді   педагогикалық   іс   тәжірибенің   міндетімен   мақсатымен   және   мазмұнымен

таныстырады.

Педагогикалық   іс   тәжірибенің   негізгі   кезеңінде   студенттердің   бекітілген

мектептерде   жұмыс   болып   табылады.   Негізгі   кезеңнің   бірінші   аптасында   мектеппен

танысу   оқушыларды   бақылау   дене   тәрбиесі   сабағына   қатысу   сынып   жетекшілерінің

сынып сағаттарына қатысу, оқу-тәрбие жұмысының жеке жоспарын құруға кетеді.

Педагогикалық   іс-тәжірибе   кезінде   студенттер   дене   тәрбиесі   сабағын   тәрбие

сабағын өтеді, басқа студент практиканттардың сабақтарына қатысып талдау жасайды.

Оқушыларға   педагогика және психология кафедрасының оқытушыларының сыныпқа,

сынып оқушыларына педагогикалық психологиялық мінездеме жасайды. Ғылыми жұмыс

тақырыптарын орындайды.

Педагогикалық іс тәжірибенің ақырғы аптасында студенттер есеп беру құжаттарын

дайындайды.   Мектепте   қорытынды   педагогикалық   кеңес   өткізіледі.   Педагогикалық   іс

тәжірибе қорытынды конференциямен аяқталады.


Педагогикалық  іс тәжірибеге жалпы  басшылық етуші  - Оқу бөлімі.Оның ішінде

тәжірибе   меңгерушісі   деканат   курс   жетекшілері   және   тәжірибеге   тікелей   қадағалау

жүргізші - Топ жетекшісі.

2.3 Өндірістік(педагогикалық) практика туралы қысқаша сипаттама

  Өндірістік(педагогикалық)   іс-тәжірибе   барысында   студенттер   спорт   мектебіндегі

жаттығу жұмыстарының озық тәжірибесімен танысады.

      Оқу   орында   алған   оқу,   спорт,   тәрбие   және   әдістемесін   жұмыс   білімін   және

дағдыларын іске асырып, тереңдетеді. Тәжірибе барысында студенттер жаттығушылар-дың

іс-қимыл   қозғалысын   зерттеу   ,қадағалау  әдістемесін   үйренеді.   4-курстағы   өндірістік     іс-

тәжірибие студенттерді дайындаудың   маңызды  саласы болып табылады. 5В010800-«Дене

шынықтыру   және   спорт»   мамандықтары   бойынша   алған   психологиялық,   педагогикалық

пәндердің теориялық білімдерін игеруге, педагогикалық іс-тәжірибелік  жұмыс дағдыларын

қалыптастырумен   байланыстыруға   мүмкіндік   береді.   Болашақ   «дене   тәрбиесі»   пәні

оқытушысының  бойында  кәсіптік  және  психологиялық  дағды  қалыптастыру ,студенттерді

орта білім беру мекемелерінде жұмыс істеу жағдайына бейімдеу, олардың бойында мұғалім

мамандығына   деген   саналы   қызығушылық   қалыптастыру   іс-тәжірибенің   мақсаты   болып

табылады.



 2.4 Дипломалды практика туралы қысқаша сипаттама

  Дипломалды   іс   тәжірибенің     маңыздысы   студенттердің   диплом   жазу   алдындағы

ғылыми ізденісі яғни теориялық дайындығы болып табылады. 

 Дипломалды іс тәжірибе бірнеше кезеңнен тұрады. Дайындық кезеңінде іс тәжірибе

басталар алдында факультет басшылығымен бірге кафедра меңгерушілері  іс тәжірибе қай

мектепте   өтілетінін   анықтайды.   Дипломалды   іс   тәжірибе   өтілу   жоспарын   құрады.

Студенттерді   арнайы   бөлімдерімен   таныстырып,   тарауларын   жіктейді.   Қорытынды

бөлімінде есеп дайындалып, қорғалады.

     

Студенттердің  педагогикалық іс-тәжірибе кезінде жүргізілетін жұмыстары туралы

жеке жоспарының нұсқасы

Жеке жоспар

Күні

Жоспарланған оқу жұмысы

Жоспарланған тәрбие жұмысы

1

Университеттегі   педагогикалық   практиканың   оқу



жоспарымен танысу.

Жоспарланған тәрбие жұмысы.

2

Мектептің педагогикалық ұжымымен танысу.



Берілген сыныппен танысу.

3

Мектептегі дене шынықтыру сабағымен  танысу.



Оқушылардық күнделігін тексеру.

4

Күнделікті сабақ жоспарын жасау. 



Халық педагогикасының маңызы. 

Сынып сағатын ұйымдастыру.

5

Дене шынықтыру сабағына қатысу.



Келесі тәрбие сағатын өткізуге 

дайындық.

6

Сабақ көрнекілігін дайындау.



Мерекелік газет шығаруды 

жоспарлау.

      

    3.3 Өтілген сабаққа талдау жүргізу әдістемесіне бойынша қойылатын талаптар:



1. Сабақтың мазмұнына талдау жасау.

2. Сабақтың алдына қойылған мақсатқа жетті ме?

3. Жаңа сабақтың мазмұна толық ашылдыма жоқпа?

4. Сабақтың әдістемелік негізі немесе тәсілі дұрыс анықталған ба?

5. Сабақтың қай кездері сәтті немесе нашар  өтті?


6. Жаңа сабақты түсіндіру методикасы дұрыс қойылдыма?

7. Мұғалімнің сабақ беру мәнері және білім деңгейі қандай болды?

8.  Сабақ кезінде тақырып аралық және пән аралық байланыстар болдыма?

9. Жаңа сабақты бекту қалай өтті?

10. Сабаққа берілген уақыт тиімді пайдаланылдыма?

11. Сабақ кезінде оқушылардың қызығушылығын артыратын әдістер түрлері 

пайдаланылды ма?

12. Сабақты көрнекіліктермен қамтамасыз ету қандай дәрежеде өті?

13. Оқушылар үй тапсырмасын қандай дәрежеде орындады?

14. Үйген тапсырма нақты және түсінікті берілдіме?



3.4 Сабақтың жүрісі бойынша талдау

1. Оқушылардың сабаққа ынтасы қандай болды?

2. Сабақтың барсыс қарқынды бодыма?

3. Түсіндіруде пайдаланылған тіл және терминдік сөздіктер оқушылардың жас 

ерекшеліктеріне сайма ?

4. Оқушылардың сабақ кезіндегі тәртәбә қандай болды?

5. Егер тыныштық сақталмаған болса, онда оның себебі неде болды?

6. Мұғалімнің сыныппен қатынасы қандай болды?

7. Мұғалім тақтаны және көрнекілкітерді қандай пайдаланды?

8. Мұғалімнің өзін өзі ұстауы, дауысы киімі, тактикасы және мәдениеті қалай болды?

9. Сыныптың сабаққа дайындығы қандай болды?

10. Сабақ әділ бағаландыма?

11. Бағалары күнделікке қойылдыма?

12. Сабақта уақыт тиімді пвайдаланылдыма?



3.5 Сабақты жоспарлаудағы ұстанатын басты ережелер

1. Сабақ құрылысында тәрбиелік және дидактикалық мақсаттар қойылуы тиіс. Сабақтың

өткізу түрі анықталуы тиіс және бүгінгі сабақ өткен сабақпен байланысты болуы тиіс.

2. Сабақты   дайындау   және   ұйымдастыру   кезінде   келесідей   талаптар   қойылады:   -

жоспарлау,   қажетті   құралдар   мен   жабдықтардың   түрлері   мен   сандарын   анықтау,

оқушылардың өздігінен орындайтын тапсырмаларының түрлерін анықтау.

3. Сабақтың   мазмұны   мен   оқытуға   келесі   талаптар   қойылады:   -   тәрбиелік   маңызы,

табиғатқа сүйіспеншілік тудыру, ізденуге талпындыруы қажет.

4. Сабақ жүргізу техникасына келесі талаптар қойылады: - дауыс ырғағын пайдалану,

оқушылар шаршаған кезде демлауға ыңғайлы педагогикалық әдісті қарастыру, ойын

және тапсырмалық сабақ әдістерін қарастыру.

 3.6 Практиканттың мінездемесінде көрсетілетін басты мағлұматтар

1. Студенттің қай мектепте практика өткені туралы мәлімет.

2. Практика кезінде өткізілген сабақтар саны.

3. Мұғалімнің орына және көмекшісі ретінде қанша сабақ өткізілді.

4. Студенттің дене шынықтыру пәні бойынша мектеп бағдарлмасын және әдістемелік

негіздерін меңгеру дәрежесі туралы мәлімет.

5. Жұмысты жоспарлау және конспектілер түзудегі икемі туралы мәлімет.

6. Дене шынықтыру мұғалімінің іс әрекетіне сипаттама беру және бағалау.

7. Дене шынықтыру пәні бойынша сыныптан тыс орындалған сабақтардың саны мен

сапасы туралы мәлімет.

8. Студенттің жауапкершілігі туралы мәлімет.


     

3.7 Практика жөнінде есеп беру құжаттар тізімі

1. Күнделік

2. Күнтізбелік сабақ жоспары.

3. Күнделікті сабақ жоспары.

4. Тәрбие сағат жоспары.

5. Ашық сабақ жоспары.

6. Мінездеме.

7. Ашық тәрбие сағаты.

8. Күнделік дәптер.

9. Көрнекіліктер.



3.8. Студенттің практика кезіндегі жеке-өзіндік тапсырмаларды орындауға

әдістемелік нұсқау.

Студенттің жеке тапсырмасы оның жалпы мамандық туралы көз қарасы мен біліктілігін

жетілдіру және зерттеулік қабілетін арттыру мақсатында беріледі.

Студент   педагогикалық   практика   кезінде   мектептегі   оқу   үрдісіне   зерттеулік   көз

қараспен   қарайды.   Оқу   үрдісінің   қойылу   тиімділігі,   сапасы,   тәрбиелік   жұмыстардың

уақытылы   және   тиімді   жүргізілуіне,   оқушылырдың   білім   деңгейіне,   мектептегі

мұғалімдердің   педагогикалық   іс-тәжірибелеріндегі   маңызды   нәтижелерге   және

қолданылатын   жаңа   оқыту   технологияларының   іске   асуына   өзіндік   баға   береді.   Студент

практика нәтижесінде мектептегі оқу ісінің тиімділігін арттыру туралы өз пікірін білдіреді.

Мектептегі   оқу   үрдісінің   көрнекілік   материалдармен   және   құрал-жабдықтармен

қамтамасыз етелу дәрежесіне, сабақ өту барысындағы жаңа және алджыңғы педагогикалық

әдістемелер мен тәсілдердің пайдалануына аса көңіл аударады.

Пән бағдарламасы мен сабаққа арналғанарнайы әдістемелік құралдардың жеткіліктігіне

және зертханалық жұмыстардың қойылу сапасына мән береді.

Аса   маңызды   сәт   болып   мектептегі   оқушылыардың   сабаққа   деген   қызығушылығын

арттырудағы   жаңа   инновациялық   оқыту   технологияларының   меңгерілуі   саналады.

Оқушылардың өзіндік жұмыстарды атқаруына қажетті әдістемелік материалдардың мөлшері

мен жұмыстардың атқарылу сапасына баға береді.

Барлық   байқаған   жетістіктерді   күнделікке   жазып   практика   туралы   есеп   кезінде

баяндайды.     



1. Студенттің педагогикалық практикасының мектептегі жетекшісінің міндеттері

Студенттің   мектептегі   педагогикалық   практикасын   өту   кезінде   мектеп   тарапынан

практика   жетекшісі   тағайындалады.   Ол   жетекші   студенттің   практика   жоспары   бойынша

барлық   практикалық   жұмыстарды   атқару   барысын   қадағалайды.   Педагогикалық   практика

тиімді және жоғары дәрежеде өтуі үшін, студент практика кезінде педагогикалық әдістер мен

тәсілдерге   үздік   машықтануы   үшін   мектеп   тарапынан   тағайындалған   жетекші   келесідей

жетекшілік жұмыстарды атқаруы тиіс:

-

практикантқа барлық қажетті жағдайларды жасау;



-

мектептегі дене шынықтыру пәндерінің мемлекеттік бағдарламасымен таныстыру;

-

дене   шынықтыру   пәні   бойынша   жылдық,   тоқсандық   және   жеке   сабақтық



жоспарлармен танысуына мүмкіншілік беру;

-

практикантқа сынып жетекшісі рөлін меңгеруге жағдай жасау;



-

педагогикалық шеберлікті арттыру және жаңа технология бойынша сабақ  жүргізу

әдістемелерімен таныстыру;

-

-ашық сабақ және тәрбие сағаттарын жүргізуге мүмкіншілік беру;



-

-студентті педагогикалық емес жұмыстарға пайдаланбау;

-

студенттің   практикалық   қызметін   кафедра   анықтаған   жоспар   бойынша   атқаруына



жағдай жасау;

-

студенттің практика жөніндегі есеп түзуіне қажетті құжаттармен қамтамасыз ету;



-

студентке практика жөнінде мінездеме беру;

-

практика   кезіндегі   жетістіктер   мен   кемшіліктер   туралы   университет   тарапынан



тағайындалған жетекшіге хабар беру.

5. Студенттің педагогикалық практикасының кафедра тарапынан жетекшісінің

міндеттері

Практика жетікшісі практика басталар алдында студенттермен жиналыс өткізілуі тиіс.

Жиналыста   студенттерге   практиканың   мақсаттары   мен   міндеттерін,   студенттің   практика

кезінде   атқаратын   жұмыстарына   сипаттама,   мектеп   туралы,   сыныптар   туралы   мәліметтер

және   студенттердің   практика   кезінде   орындайтын   жеке   тапсырмаларының   тақырыптарын

береді.  Жетекші келесі жұмыстарды атқаруы тиіс:

-

практика   алдындағы   жиналыста   практиканың   уақытын,   мерзімін   және   сипатын



түсіндіреді;

-

практика соңында түзілетін есептің мазмұны мен түзу ережелерін және оған керекті,



практика кезінде жинайтын материалдардың сапасы мен санын көрсетеді;

-

практикадан кейінгі есеп беру мерзімін анықтайды;



-

практика күнделігін толтыру ережелерін түсіндіреді;

-

мектеппен практиканттардың орындайтын педагогикалық жұмыстарының реті мен



түрлерін анықтайды;

-

студенттерге   мектептегі   тәжірибелі   ұстаздардың   арнайы   дәрістер   беруін   және



педагогикалық   шеберлікті   арттыру   мақсатында   жүргізілетін   жұмыстармен

таныстыруын қамтамасыз етеді;

-

практика кезінде үнемі қадағалауды қамтамасыз етеді;



-

практика біткеннен кейін практика туралы  есепті кафедрада қорғауды  қамтамасыз

етеді;

-

практика соңында қорытынды конференция өткізеді.



Педагогикалық практика біткен кезде студенттің практика туралы өткізетін

құжаттар тізімі

-

Практиканың жеке жоспары.



-

Күнделік.

-

Практика кезінде өткізілген сабақтардың тақырыптық жоспары.



-

Сабақтардың жазбаша жоспарлары.

-

Сабақтың әдістемелік талдауы.



-

Бір оқушыға берілген психологиялық-педагогикалық мінездеме.

-

Биология   сабақтары   бойынша   өткізілген   кештер,   диспуттар   және   викториналар



туралы есеп.

-

Бақылау сабақтарының жазбаша жоспары.



-

Практика есебі.

-

Мінездеме.



Практика жөнінде есеп беру құжаттар тізімі

1. Күнделік

2. Күнтізбелік сабақ жоспары.

3. Күнделікті сабақ жоспары.

4. Тәрбие сағат жоспары.

5. Ашық сабақ жоспары.

6. Мінездеме.

7. Ашық тәрбие сағаты.

8. Күнделік дәптер.

9. Көрнекілік



ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ

«Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы

Педагогикалық практика жөніндегі



Е С Е П

___________________________________________________________

(мектептің атауы)

___________________________________________________________

(мектептің мекен жайы)

Студент _______________________________________________

(аты жөні, тегі)

Тобы  _____________________________

Практиканың өту мерзімі    _____________     ________________

Практиканың мектеп тарапынан жетекшісі _______________________________

Практиканың кафедра тарапынан жетекшісі_______________________________

Практика есебі     "____"  __________ 20____ж.

"____________ " бағаға қорғалды.

                                              Шымкент - 20_ ж.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет