Дене тәрбиесінің қағидалары



бет4/4
Дата27.11.2022
өлшемі305,6 Kb.
#160068
1   2   3   4
Байланысты:
Дене тәрбиесінің қағидалары дәріс
РЯ Тема 5 (В1)
Даралылық қағидасы
Даралылық қағидасы – дене тәрбиесі үрдісінде оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру түрінде жүргізіледі. Даралылық қағидасы әр адамның дайындық деңгейіне, жыныс және жас ерекшеліктеріне байланысты. Жеке басының, психикасының ерекшеліктеріне, жүктемеге шыдамдылығына, сыртқы орта әсерін сезіну мүмкіншіліктеріне, жұмыс істеу стиліне байланысты.
Даралылық қағидасы дене тәрбиесі үрдісінде төмендегідей түрлерде қолданылады:
- топтық жұмыс арқылы. Бұл жағдайда жаттығушылар сыртқы бейне сипаттары бойынша бөлінеді (жыныс, жас ерекшеліктері, дене дайындығы т.с.с.). Бастапқы үйрету кезеңдерінде, негізгі жарыс жаттығуларының техникасын үйренгенде, жалпы денені дамытқанда топтық жұмыс істеу жолы өте тиімді:
- жекелей жұмыс істеу арқылы. Спорттық шеберлігі артуына байланысты жұмыстың топтық түрі жекелей жұмыс істеу түріне ауысады. Бұл жұмыс оқушылардың төмендегідей ерекшеліктерін ескеріп жұмыс істесе нәтижелі болады: сынақ және оның көрсеткіштеріне көңіл бөлінсе; оқу материалдарын меңгеру, жүктемелерге бейімделу мүмкіншіліктері ескерілсе; әр түрлі оқу әдістерін түсіну
жеке үй тапсырмалары арқылы
дене тәрбиесі сабағында берілетін әр түрлі тапсырмалар арқылы (жақындататын, дайындық, негізгі жаттығулар т.б.)
түрлі спорттық құрал-жабдықтар арқылы
Даралылық қағидасы мынандай жұмыстар арқылы іске асырылады:
Дене шынықтыру материалы жеңіл игертілетіндей болуы керек. Алайда бұл соншалықты жеңіл болуы керек деген емес. Өте қарапайым жаттығулар оқушыны мүлдем босаңсытып жібереді, ал өте ауыр болса, оқушыны өз күшіне сенімі жоғалып, ынтасын жояды.
Сабақ барысында қарапайым таныс жаттығудан, таныс емес қарапайым қимылдан күрделіге ауысып отыру керек. Осы қағидаға сүйене отырып, оқушының жеке жас ерекшелігін, денсаулық жағдайын, дене дайындығын ескере отырып материалды таңдап ала білу қажет.
Тиімділік қағидасы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет