Дайындаған:6В01513- Биология мамандығының қазақ бөлімі
1 курс 3 топ 1 топша студенті Нартбаева Гүлназ Саматқызы
Қабылдаған: Кулжанова Дина Қуанышқызы
Дәнекер ұлпа
Дәнекер ұлпа мезенхимадан дамыған, оның құрамында көптеген жасуша аралық заттар (талшықты құрылымдар, аморфты заттар) мен жасушалар дифферондарының қатары бар. Ішкі ортаның тұрақтылығын сақтайтын күрделі ұлпалар. Адам денесі массасының 50% астамы дәнекер ұлпадан тұрады. Дәнекер ұлпа мүшелердің стромасын, ұлпалар арасындағы қабыршақ – перделерін, тері дермасы мен қаңқаны түзеді.
1. Трофикалық – жасуша аралық зат айналасында орналасқан құрылымдарды қоректік заттармен қамтамасыз етеді (эпителийді), зат алмасу мен ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын сақтайды. Дәнекер ұлпаның аралық заты арқылы су, тұздар, қоректік заттар тасымалданады. Сондықтан жасуша аралық зат интегративті – буферлі орта болып табылады.
2. Қорғаныс - ағзаны механикалық әсерлерден қорғайды (сүйек пен шеміршек ұлпаларын), мүшелерге сыртқы ортадан бөтен заттардың енуінен сақтайды (фагоцитоз), жасушалық және гуморальдық иммунитетке қатысады.
3. Тіректік – дәнекер ұлпаның коллаген және эластинді талшықтары көптеген мүшелердің негізін түзеп, пішінін құрайды.
4. Пластикалық – тіршілік ету жағдайларына байланысты сол ортаға бейімделу процесіне қатысып, мүшелер дефектісін жойып, регенерациялық қызмет атқарады.
5. Морфологиялық - ұлпалар комплексін қалыптастыру, оның ішінде көптеген мүшелердің (бездердің) капсуласын, мүшенің ішіндегі стромасы болып саналатын перделерін түзіп, мүшелерге белгілі бір пішін береді.
Дәнекер ұлпа меншікті дәнекер ұлпа (талшықты және арнайы қызмет атқаратын), қаңқалық ұлпа болып жіктеледі. Қаңқалық ұлпаға шеміршек (гиалинді, эластинді, талшықты), сүйек ұлпасы (фиброзды – талшықты, қабыршақты) жатады . Тіс цементі мен дентиннің де осы ұлпаға қатысы бар.
БОРПЫЛДАҚ ДӘНЕКЕР ҰЛПА
Адам мен сүтқоректілердің организмінде борпылдақ дәнекер ұлпа кең тараған . Ол терінің астында орналасады. Мүшелердің, ұлпалардың және клеткалардың арасын толтырып тұрады. Борпылдақ дәнекер ұлпада әртүрлі бағытта тәртіпсіз орналасқан коллагенді және эластинді талшықтар болады. Ал, олардың арасында клеткалар орналасады: фибробластлар, гистиоциттер, адвентициялық, май және пигменттік клеткалар. Сонымен бірге қанның клеткалары да кездеседі — лимфоциттер, плазмоциттер және макрофагтар. Борпылдақ дәнекер ұлпаның клетка аралық заты талшықтар мен аморфты заттан тұрады.
Борпылдақ ұлпа 1 – фибробласт, 2 – эластинді талшықтың
көлденең кесіндісі, 3 - эластинді талшық,
4 – коллагенді талшық, 5 – гистиоцит
1
2
3
4
5
Борпылдақ дәнекер ұлпаның жасуша аралық заттары аморфты немесе негізгі заттан және коллагендік, эластиндік, ретикулалық талшықтан тұрады. Аморфты зат гель тәрізді сұйық құрылым, жасушалар мен талшықтардың арасын толтырады. Оның негізгі компоненті полисахаридтердің комплекісі – қышқыл мукополисахаридтер (гиалурон қышқылы, гепарин, хондроитин күкірт қышқылы) мен аздаған мөлшерде нейтральдық мукополисахаридтер және бейколлагендік белоктар да кездеседі, қоймалжың субстанция, интегратты – буферлі жүйе деп аталады. Дәнекер ұлпасының әртүрлі бөліктеріндегі негізгі заттың мөлшері біркелкі болмайды. Негізгі затта коллагендік , ретикулалық және эластиндік талшықтар орналасқан. Қылтамырлар мен ұсақ тамырлардың маңында және май қабаттары бар бөліктер мен ретикулалық жасушаларға бай ұлпаларда негізгі зат аз болса, ал шығу тегі басқа ұлпалардың шекарасында (эпителиймен шектелген) негізгі зат көп болады. Аралық заттың күйі мен құрылысы түрлі жағдайларға байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, оның өткізгіштігі өзгереді. Негізгі зат заттардың алмасуында маңызды рөл атқарады. Сонымен бірге бактериялардың организмге таралуына кедергі болады.