«Су-Джок» шарларымен өз-өзіне массаж жасау ойыны Негізгі қимылдарды орындау.
Оңға қосалқы адым жасап, бір кермеден екіншісіне өту арқылы гимнастикалық қабырғамен өрмелеу (3 кермеден). Отырып, допты қос қолдап бастан асыра лақтыру. Бір-бірінің соңына екі қатарға тұру.
Нұсқау: допты алға-жоғары лақтыру, доптың алысқа ұшуы лақтыру күшіне тығыз байланысты.
Жалпақтабанның алдын алу. Аяқтағы башпайларды бүгу және жазу.
Башпайларды бүгіп, парақты табанның астына қарай итеру.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Адасқан доп».
Ойын тәртібінің сақталуына назар аударады.
Допты берген кезде ойыншылар орнынан қозғалмауы тиіс. Допты үшінші тұрған адамға беруге болмайды. Допты тек қана жанындағы ойыншыға беру керек. Жүргізушінің шеңберге кіруіне тыйым салынады. Допты оң жақтан да, сол жақтан да беруге болады.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия). ҰОҚ-ны қорытындылайды, балаларды ынталандырады.
Балаларға достардың болса жақсы, сондықтан олармен жақсы қарым-қатынас жасау керектігін айтады.
Ойын түріндегі жаттығу: «Дұрыс көрсет». Жүргізуші-педагог балалардан: «Көңіл күйлерің қалай?» – деп сұрайды.