Күтілетін нәтиже: жасайды: целлулоидты шарлармен (қалта шамдар) жалпы дамытатын жаттығуларды, ойындарда тышқандардың рөлін орындайды.
түсінеді: тақпақ мәтіні мен қимылдарды үйлестіру жолдарын, қатарда тұрып фитболдарды бір-біріне домалату тәсілін. қолданады:шеңберге тұру, заттардың арасымен ирек жүріспен жүгіру, алға қарай жылжып екпінмен итерілу қабілетін.
Құралдар мен материалдар: «Леопольд мысық» мультфильмінен үзінді, толтырма доп – 12 дана, топтың жартысына жететін фитбол, бала санына қарай целлулоидты шарлар (немесе қалта шам).