III. Қорытынды кезең (Рефлексия). ҰОҚ-ны қорытындылайды, балаларды ынталандырады.
Балаларға Денешынықтыру сабақтарының шымыр, күшті болуға көмектесетінін айтады. Ойын түріндегі жаттығу: «Қақпалар».
Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары № 42
Білім беру саласы: Денсаулық. Таным Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Епті болуға үйренейік. (Таза ауада өткізу) Мақсаты: Тепе-теңдікті сақтау дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:бір орыннан итеріле отырып, көлденең жолмен сырғанауға, тепе-теңдікті сақтауға үйрету. Тұрақты түрде тепе-теңдікті сақтау қабілетін жетілдіру, тақтайдың екі ұшынан бастап жүріп, екі жаққа айырылып кетуге үйрету. Оңға қосалқы адым жасап бір кермеден екіншісіне өту арқылы гимнастикалық қабырғамен өрмелеуді бекіту. 20 см биіктіктен тереңге секіруге жаттықтыруды жалғастыру. Жерге тізені сәл бүгіп түсу және жерге түскеннен кейін тепе-теңдікті сақтап қалу қабілетін дамыту.
Жалпақтабанның алдын алу – сіңір аппаратын нығайту және табандағы буындардың қозғалғыштық қабілетін арттыру. Табиғатты аялауға тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: жасайды: көлденең нысанаға лақтыруды (арақашықтық – 2 метр).
түсінеді: тереңге секірген кезде тізесін сәл бүгу қажеттігін, оңға қарай қосалқы адымды қалай жасайтынын, гимнастикалық баспалдақтың тепкішектерін дұрыс ұстау жолдарын; ойын шарттарын сақтау керектігін, текшені құрсаудың ортасына қалай лақтыруды. қолданады: қосалқы адым жасау, гимнастикалық қабырғамен өрмелеу, жерге түскен кезде тепе-теңдік сақтау, кеңістікте бағдар табу қабілетін.