«Ы» дыбысы. «Ы» дыбысын шығару жұмыс істеу қабілетін арттырады.
«М» дыбысы. Бұл дыбыс мидағы қан тамырларына жағымды әсер етеді, есте сақтау қабілеті жақсарады.
«А» дыбысы. Негізгі қимылдарды орындайды.
Көлденең нысанаға лақтыру (құрсаулар лақтыру сызығынан 2 метр қашықтықта) (6 рет). Лақтыратын қолға аттас аяқты сәл артқа қарай қоюға және лақтыру күшін бөлуге баса назар аудару. Екі тізбекке тұрады. Әр тізбектен бір бала белгіленген лақтыру сызығына жақындайды. Себеттен текшені алып, құрсауға лақтырады. Лақтырғаннан кейін өз тізбегінің соңына барып тұрады. Бір-біріне кедергі жасамауға тырысады.
20 см биіктен тереңдікке секіру. Секіргеннен кейін тепе-теңдік сақтау – денені тік ұстап, алға қарап тұру.
Тепе-теңдік – еденге тасталған тақтайдың үстімен жүру, тапсырманы орындау – тақтайдың екі жағынан жүріп, орта тұсына келгенде екіге ажырау.
Спорттық жаттығулар – мұзды жолдармен сырғанау. Бір орыннан итеріле отырып, көлденең жолмен сырғанау. Жеке-жеке тәртіппен орындау. Педагог сырғанау кезінде тепе-теңдіктің, қауіпсіздік техникасының сақталуына баса назар аударады.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия). ҰОҚ-ны қорытындылайды, балаларды ынталандырады.
Жануарлардың табиғаттың ажырамас бөлігі екенін балалардың есіне салады. Табиғат пен жануарларға қамқорлық жасау қажеттігін ескертеді.
«Көңіл күй» жаттығуы.