Денешынықтыру



бет221/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

II. Негізгі кезең.
I . Жүру. Алаңның шетімен баяу жүгіру 1 минут. Тыныс алуды қалпына келтіру. Жүру, шеңберге қайта тұру.
II. Шаңғыда тұрып дайындық жаттығуларын жасау:
«Қолымыз қайда?», «Серіппе», «Қолымызбен шапалақ соғамыз, аяғымызбен тарсылдатамыз». Шағын топтар болып шаңғымен жүру.
Балалардың шаңғы жолымен қозғалуы – 20 метр: аттай отырып 10 метр жүреді («ат сияқты»), кеңінен сырғанай отырып 10 метр жүреді («аңшы байқап қалмас үшін түлкі сияқты).
Педагог тәрбиеленушілердің назарын кәдімгі жүру кезіндегі қозғалыс тәжірибесін пайдалануға; аяқтарының шаңғымен ауырлауы сияқты жаңа сезімді меңгеруге аударады.
Денесін тура ұстауға, аяқтарын тізеден сәл бүгуге назарларын аударады.
«Қараңдаршы, мен шаңғыны ұзақ уақыт қардан алмай тұрмын, мен жүріп бара жатқан жоқпын, сырғып барамын. Дұрыс сырғу үшін тізені аздап былай бүгу керек (көрсетеді)». Сосын балаларға осы қимылды баяу қайталауды ұсынады. «бір аяқпен ұзақ сырғымиз, содан кейін басқасымен сырғимыз».
Көз бұлшық еттерін қатайтуға арналған жаттығулар  Көздерін 2-3 секундтан айналдырады.

  • Көзбен шеңбер жасайды. (бір жақтан екінші жаққа).

  • Көздерін жоғары көтереді. Төмен түсіреді. Көздерін оң жаққа, содан кейін сол жаққа бұрады.

  • 1-2 минут ішінде тез-тез көзін ашып жұмады.

  • Көзді 30 секундтық интервалмен ашу және жабу.

  • Көзбен геометриялық фигуралардың суретін салу (шеңбер, шаршы, үшбұрыш). Алдымен сағат тілінің бойымен, кейін сағат тіліне қарсы.

Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
ҰОҚ-ны қорытындылайды, балаларды ынталандырады.
Белсенді демалыс пен спорттың денсаулыққа оң ықпал ететінін айтады.
«Фотосурет» жаттығуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет