Білім беру саласы: Денсаулық. Әлеумет Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Сиқырлы асық
Мақсаты: Ойындар мен жаттығулар арқылы ҚР халықтарының мәдениеті мен салтдәстүрлері туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: төбеге қап қойып жүрген кезде арқа мен басты дұрыс ұстауға, дененің дұрыс қалпын бақылауға үйрету.
Бөренемен еңбектеген кезде тепе-теңдікті сақтау қабілетін нығайту.
Допты басынан асырмай, алға және жоғары лақтыру және оны екі қолмен қағып алу қабілетін жетілдіру. ҚР халықтарының мәдениеті мен салт-дәстүрлері туралы түсінігін байыту.
Күтілетін нәтиже: жасайды: құм толтырылған қапшықпен жалпы дамытатын жаттығуларды, белін таянып, төбесіне қапшық қойып гимнастикалық орындық үстімен жүру, допты жоғары лақтыру, бөренемен өрмелеу жаттығуларын. түсінеді: асықтарды пайдалануды, асықты «бір-біріне жылдам беру және малдас құрып отыруды. қолданады: Педагогтің командасы бойынша тоқтау және қозғалысты жалғастыру қабілетін; бөрене үстімен төрт аяқтап еңбектеу, төбесіне қапшық қойып жүру, допты жоғары лақтыру және оны қос қолдап қағып алу қабілетін.
Құралдар мен материалдар: асық, беті тегістелген бөрене ағаш – 2 дана, гимнастикалық орындық (орындықтың ұзындығы – 35 см, ені – 20 см) – 4 дана, құм толтырылған қапшықтар (балалардың бәріне), топтың жартысына жететін доп.
Билингвалды компонент:тоқта – замри, түсіріп алмай өткіз – пронеси не урони, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Ойын түріндегі жаттығу: «Волшебный асык» – загадывание желаний.
Педагог асықпен қандай ойындар ойнауға болатынын еске түсіруді сұрайды.
II. Негізгі кезең. Ойын түріндегі жаттығу: «Тоқта»: сапта бір-бірден жүрген және жүгірген кезде тапсырмалар орындау.
Шеңбер құрап тұру. Құм толтырылған қапшықпен жалпы дамытатын жаттығуларды орындау. Негізгі қимыл-қозғалыстарды ойын түрінде орындау:
Ойын түріндегі жаттығу: «Түсіріп алмай өткіз». Шағын топтар бойынша орындату (4 рет). Қолымен белін таянып, құм толтырылған қапшықты төбесіне қойып гимнастикалық орындық үстімен жүру.
Қапшық құлап кетпес үшін балалардың денені тік ұстауына назар аудару.
Нұсқаулар: орындықтан асықпай, ақырын түсу қажет, алдымен аяқты ұшынан басады. Билингвалды компонент: түсіріп алмай өткіз – пронеси не урони Допты жоғарыға лақтыру.
Ойын түріндегі жаттығу: «Лақтыр-қағып ал». Допты алдына шығарып ұстап, алға-жоғары лақтыру қажеттігін, саусақтарының арасын ашып ұстау керектігін балалардың есіне салады.
Төрт аяқтап бөрене бойымен жүру (залдың екінші жағында екі бөрене орналастырады).
Ойын түріндегі жаттығу: «Көңілді қонжықтар». Балалардың бөренеден дұрыс түсуіне көңіл бөледі.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Асық кiмде?».
Ойын ережелерін түсіндіру. Балалардың арқаны тік ұстауына және асықты тез беруіне назар аударады.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді. III. Қорытынды кезең (Рефлексия). Ойын түріндегі жаттығу. Топ-топ – топылдатып аяқты, Мен айтамын: «Топ-топ».
Шап-шап – шапалақты
Алақанмен ұрамыз .