Денешынықтыру



бет253/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

Құралдар мен материалдар: ойыншық маймыл, «Африка» тақырыбындағы слайдтар, піл, қолтырауын, жолбарыс, арыстан сынды жануарлар мен аңдардың суреттері, гимнастикалық қабырға, көшпелі баспалдақ (саты), бала санына қарай ішіне құм толтырылған қапшықтар.
Билингвалды компонент: саяхат – путешествие, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Ойындық сәт: маймыл бізге қонаққа келді. Ол өз Отанынан суреттер ала келіпті. «Африка» тақырыбында слайдтар көрсету. Маймылмен бірге «Африкаға» саяхатқа аттануға шақырады. Саяхаттың адам денсаулығы үшін де пайдасы зор екенін түсіндіреді.
II. Негізгі кезең.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Ұшақтар».
Джунглидегі жолдарды үлгілеу; тізені жоғары көтеріп жүру, еденге тасталған баспалдақ (саты) арқылы аттап өту, бұралаң жолмен жүгіру, аяқтың ұшымен жүру.
Ырғақты гимнастика жасау. Жаттығулардың әдемі, әрғақпен орындалуына назар аударады.
Негізгі қимылдарды орындау.
Гимнастикалық қабырғамен өрмелеу.
Өрмелеу техникасын, аяқ пен қолдарды үйлесімді қимылдату қажеттігін еске салады.
Жаттығулар жеке-жеке орындалады.
Ішіне құм толтырылған қапшықты оң және сол қолмен алысқа лақтыру.
Бір-бірінің артына екі қатарға тұру. Нұсқау: қолдарды күшпен жазу. Қапшықты алға-жоғары лақтыру.
Қимыл-қозғалыс ойыны:
«Жұбыңды тап!».
Ойын тәртібін еске салу. Нұсқаулар: басқа балаларға кедергі келтірмеу.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
Ойын түріндегі жаттығу: «Тірі суреттер».
Суреттегі жануарды көрсетіп, балаларды оған жан бітіруге шақырады.
Топқа ұшақпен қайтып оралады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет