Білім беру саласы: Денсаулық. Таным Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Кішкентай шаңғышылар. Таза ауада өткізу
Мақсаты: Спорттық жаттығуларды орындау арқылы қимыл үйлесімділігін және тепетеңдікті дамыту.
Міндеттері:төбешікке қосалқы қадаммен, бір қырымен көтерілуге үйрету. Шаңғы жолымен бірінің артынан бірі сырғымалы қадаммен жүру білігін бекіту. Шаңғы жолымен бір-бірінің артынан сырғанай адымдап қозғалу біліктерін бекіту. Динамикалық тепетеңдікті және қимыл үйлесімділігін дамыту. Спортпен шұғылдану, салауатты өмір салты машықтарын тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: жасайды: шаңғымен бірінің артынан бірі сырғымалы қадаммен төбешіктен түсу. түсінеді: шаңғымен нақты қадаммен жүру кезінде шаңғыны параллель қоюды, аяғын тізесінен сәл бүгуді. қолданады: шаңғымен жүргенде қол мен аяқтың айқастырылған жұмысын, кеңістікті бағдарлауды.