Денешынықтыру



бет247/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

Құралдар мен материалдар: әр балаға 2 данадан пластмасса гантельдер, диаметрі – 50 см шеңберлер – 8 дана, доптар, ортасынан түйіндеп байланған орамал.
Билингвалды компонент: «Тез ал, тез көтер» – «Быстро возьми, быстро подними», сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Балалардың назарын гантельдерге аударады. Жаттығып, әкелері сияқты күшті болуға шақырады.
II. Негізгі кезең.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Тез ал – тез көтер». Тәрбиеленушілер еркін тәртіппен гантельдердің жанына тұрады. Айнала жүреді, «Тез ал – тез көтер» деген белгі бойынша өз гантельдеріне жақындап, оларды жоғары көтереді. Сосын айнала жүгіреді.
Пластмасса гантельдерді пайдаланып, жалпы дамытатын жаттығуларды орындайды.
Дұрыс тыныс алуға және демді дұрыс шығаруға назар аударады.
Негізгі қимыл-қозғалыстарды орындау:
Шеңберден-шеңберге секіру (5 шеңберден құралған жол). Секіргенде ізбе-ізділікті сақтап, жерге аяқты жартылай бүгіп түсу қажеттігін ескертеді.
Отырған күйі допты бастан асыра ұстап, қос қолмен лақтыру.
Бір-бірінің артына екі қатарға тұру. Нұсқау: допты алға-жоғары лақтыру қажет, сонда ол алысқа ұшаlы.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Құстар мен мысық».
Ойын ережелерін түсіндіру. Нұсқау: ойын кезінде айқайлауға, бір-бірін итеруге болмайды.
Санамақтың көмегімен мысықты таңдап алады.
Педагог ұйымдастырылған оқу қызметі барысында балалармен жеке-жеке жұмыс істейді. III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
ҰОҚ-ны қорытындылайды, балаларды ынталандырады. Дене шынықтыру сабақтарының күшті болуға көмектесетінін атап өтеді. Ата-аналарымен бірге шынығуға ынталандырады. Ойын түріндегі жаттығу: «Мықтылар!».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет