Құралдар мен материалдар: әр балаға 2 данадан пластмасса гантельдер, диаметрі – 50 см шеңберлер – 8 дана, бала санына қарай құм толтырылған қапшықтар, дауылпаз.
Билингвалды компонент: ұшақ – самолет, ұшқыштар – летчики, «Менің ұшағым» – «Мой самолет», сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Ойын түріндегі жаттығу: «Ұшақ».
Ұшаққа отырдым.
Оң қанатына қарадым.
Сол қанатына қарадым.
Моторы зырылдап айналып жатыр – ж-ж-ж.
Аспанға көтерілдім –
Қалықтап ұшып келемін.
II. Негізгі кезең.
Қолдарын әртүрлі қалыпта ұстап, бір-бірден сапта жүру; аяқтың ұшымен жүру; жүгіру мен тізені жоғары көтеріп жүру жаттығуларын кезектестіріп орындау.
Екі сапқа тұру.
Пластмасса гантельдерді пайдаланып, жалпы дамытатын жаттығуларды орындайды. Дұрыс тыныс алуға және демді дұрыс шығаруға назар аударады.
Негізгі қимыл-қозғалыстарды орындау:
Шеңберден-шеңберге секіру.
Қимылдарды ізбе-із орындау тәртібінің сақталуына назар аударады: бірінші шеңберге барып, екінші шеңбердің орта тұсына секіру, шеңберден секіріп шығу.
Тәрбиеленушілер жартылай бүгілген аяқтарының ұшымен түседі, орындағаннан кейін өз тізбегінің соңына барып тұрады.
2 метр қашықтықтан көлденең нысанаға көздеп лақтыру.
Затты лақтыратын оң (сол) қол мен оң (сол) аяқты алға қойып, лақтыру күшін әртараптандыру қабілетіне назар аударады.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Белгіге құлақ сал»: ұшқыштардың зейінін тексеру.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
ҰОҚ-ны қорытындылайды, балаларды ынталандырады. «Менің ұшағым» жаттығуы.
Достарыңызбен бөлісу: |