Денешынықтыру


-5 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ



бет3/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

4-5 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ

ҚАҒИДАЛАРЫ


Балаларды дене дамуы жағынан тәрбиелеу дегеніміз:

  1. Балалардың физикалық денсаулығы деңгейі мен қимыл-қозғалысын сараптап, бағалай білу.

  2. Дене тәрбиесінің белгілі бір кезеңдердегі міндеттерін қалыптастыру (мәселен, оқу жылына) және әр баланың ерекшеліктерін ескере отырып, олардың ішіндегі ең маңыздыларын айқындау.

  3. Мақсатқа сай құралдар, әдістер мен формаларды пайдалана отырып, белгілі бір жүйеде тәрбиелеу үдерісін ұйымдастыру.

  4. Мақсатқа жету жолындағы қиындықтарды алдын ала болжай отырып, ақырғы нәтижесінің тиісті деңгейін жобалау.

  5. Қол жеткен нәтижелерді түпкі мәліметтермен және алға қойылған міндеттермен салыстыру.

  6. Кәсіби шеберлікті өздігінше бағалау және оны үнемі жетілдіріп отыру.

Үлгілік оқу жоспарына сәйкес, Денешынықтыру сабақтары 4-5 жастағы балалар үшін аптасына үш рет, 15–20 минут ұзақтықпен өткізіледі.
Сабақ алдында міндетті түрде спортзал ауасы тазартылып, белгіленген тазалық талаптарына сай ылғалдап сүртілуі қажет. Балалар спорттық формамен жаттығады.
Педагог қажетті спорт жабдықтарын алдын ала дайындайды. Уақыт жоғалтпас үшін оларды алып, орнына қайта қоюға ыңғайлы етіп орналастырады. Спорт жабдықтарын тарату мен жинауға балалардың бәрін кезекпен жұмылдырады. Бұл оларды дербес болуға, тәртіпке үйретеді.
Орта топта педагогтің балалардың қимыл-қозғалыстарды орындау деңгейіне қатысты талабы өзгереді. Өйткені олар қимыл-қозғалыс техникасын енді ғана үйрене бастайды. Олардың дұрыс әрі сапалы орындалуын педагог үнемі бақылауда ұстауы тиіс. Мектеп жасына дейінгі балалар бес жасқа қарай жаттығуларды өзгелермен бір ырғақта, бірдей, еркін орындауы тиіс. Сонымен қатар жаттығулардың бағытына қарай (оңға және солға) өз бетінше ауыса білуі шарт.
Баланы қимыл-қозғалыс түрлерін бір-бірінен ажырата білуге, есте сақтауға және жасауға үйретеді. Олар өздерінің іс-қимылдарын көзбен бақылай бастайды. Педагог балаларды өздері мен қасындағы жолдастарының қозғалысын бағалауға үйрете бастайды.
Денешынықтыру пәніне арналған ұйымдастырылған оқу қызметі білім беру, тәрбиелеу мен сауықтыру саласындағы міндеттерді шешуге бағытталған. Білім беру міндетіне балаларға жаттығу жасауды үйрету, алған білімі мен дағдысын іс жүзінде қолдана білуге баулу жатады. Балалардың бойында дене тәрбиесі, оның адам организмін сауықтырудағы рөлі, жаттығуларды орындау тәсілдері т.б. туралы түсінік болуы шарт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет