Денешынықтыру



бет5/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

Көрнекілік қағидасы


4-5 жастағы балалардың ойлау қабілеті нақты; ал қимыл-қозғалыс тәжірибесі аз болады. Сондықтан денешынықтыру жаттығуларын үйреткен кезде барлық анализаторларды қолданған жөн. Сонымен қатар түрлі көрнекілік тәсілерін пайдалану қажет. Мысалы, жаттығуларды көрсету, көрнекі құралдарды, имитацияларды пайдалану, көру және дыбыстық бағдарды т.б. дамыту.

Қолжетімділік және дербестік қағидасы


Бұл қағида балаларды жас ерекшеліктері мен әр бүлдіршіннің өзіне ғана тән ерекшеліктеріне қарай оқытуға негізделген. Әсіресе ұсынылып отырған тапсырмалардың шамаға сай болуы да өте маңызды. Қолжетімділік қағидасы барлық қиындықтарды ұйымдастырылған білім беру қызметінің сауықтыру нәтижелерін бұзбай, баланың дене және моральдық (өнегелік) күшін мобилизациялау арқылы еңсеруге бағытталған. Жасы өсіп, дайындық күшейген сайын балалардың мүмкіндіктері де артады. Сондықтан оларды әрі қарай дамыту үшін талаптарды күрделілендіру қажет. Оқыту мен тәрбиелеу үдерісі барысында: белгіліден белгісізге, қарапайымнан күрделісіне, игерілгеннен игерілмегенге көшу тәртібін ұстау керек. Бұрынғыға қарағанда күрделірек тапсырмаларға біртіндеп көшу қажет. Себебі бала организмінің функционалдық мүмкіндіктері де біртіндеп артады.
Балалардың функционалдық мүмкіндіктері, денсаулық жағдайы, дене дамуы мен дене дайындық деңгейі де әртүрлі болады. Сонымен қатар қимыл-қозғалыстарды игеру жылдамдығы, бала организмінің дене дамуы жүктемесіне реакциясы да әртүрлі болуы мүмкін. Осының бәрі педагогті денешынықтыру үдерісін даралауға міндеттейді. Жалпы бағдарламалық талаптарды орындау барысында даралау тәсілі сараланған тапсырмалар, жүктеме нормалары мен оларды реттеу тәсілдері, сондай-ақ педагогикалық ықпал ету амалдарынан көрініс табуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет