Құралдар мен материалдар: гимнастикалық орындықтар – биіктігі 20 см – 4 дана, толтырма доптар.
Билингвалды компонент: ирек жүру – ходьба «змейкой», ирек жүгіру – бег «змейкой», сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Алдын ала қойылған орындықтарға балалардың назарын аударады. Бұрын күшті әрі епті болуға көмектесетін қандай жаттығулар жасағандарын еске түсіруді сұрайды.
II. Негізгі кезең.
Бір-бірден сап түзеп жүру, орындықтардың арасымен иректеп жүру, жүгіру.
Ырғақты-музыкалық қимылдар:
Қимылдардың бір қалыпты, ізбе-із орындалуына, арақашықтықтың сақталуына назар аударады.
Орындықтарды пайдаланып жалпы дамытатын жаттығуларды орындау: биіктетілген жерде тепе-теңдік сақтау.
Негізгі қимылдарды орындау.
Гимнастикалық орындық үстімен қапталымен жүру, толтырма доптан аттап өту (қолды белге қояды).
Тұрақты тепе-теңдік сақтау үшін денені тік ұстап, дене сымбатын бұзбау қажеттігін және басты төмен түсірмеу керектігін ескертеді. Балаларды сақтандырады. Гимнастикалық орындық үстінде етпетінен жатып еңбектеу.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Секір-секір».
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
ҰОҚ-ны қорытындылайды, балаларды ынталандырады.
«Достық» жаттығуы.
Достарыңызбен бөлісу: |