Денешынықтыру


Денсаулық сақтау технологиялары



бет305/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

Денсаулық сақтау технологиялары: көру қабілетінің нашарлауының алдын алуға және көз бұлшық еттерін дамытуға арналған жаттығуларды, дыбыстардың көмегімен жасалатын тыныс алу жаттығуларын, суық тиіп сырқаттанудың алдын алу үшін массаж жасау.
Билингвалды компонент: ойнау – играть, секіру – прыгать, жүгіру – бегать, билеу – танцевать, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Педагог футбол добына назарларын аударады. Футбол добының мақсаты туралы әңгімелеуді ұсынады. II. Негізгі кезең.
Педагог тәрбиеленушілерге доптың алысқа ұшуы бүгілген қолдардың белсенді түрде жазылуына байланысты екенін түсіндіреді. Тәрбиеленушілер тізбекте тұрады, бір-бірден допты тартылған арқаннан асыра лақтыруға тырысады. Орындағаннан кейін өз тізбегінің соңына барып тұрады. Сосын қимылды келесі тәрбиеленуші орындайды. Допты екі жағынан ұстау керек екеніне – сонда түсіп қалмайтынына назарларын аударады.


Спорттық ойындар – футбол.
«Дәл пас беру»
Допты берілген бағытта – бір-біріне домалату. Тәрбиеленушілер бір-біріне қарама-қарсы сапқа тұрады. Табанның екпінді қимылымен бір-біріне допты домалатады.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
ҰОҚ-ны қорытындылайды, балаларды ынталандырады.
Эмоциялық жүктемені төмендету – «Көтеріңкі көңіл күй»: көңілінің көтеріңкілігін қимылдардың көмегімен көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет