(шеңбермен)
1. Б.қ.: аяқтарының арасын сәл ашып тұрады. Шеңбер төменде, екі қапталынан ұстайды.
Шеңберді алға шығарады, жоғары көтереді, оған қарайды, түсіреді. Б.қ. (5-6 рет) 2. Б.қ.: шеңбер ішінде, қолын төмен түсіріп тұрады. Отырады, шеңберді алады, белге дейін көтереді. Отырады, шеңберді еденге қояды. Б.қ. (4-5 рет)
Б.қ.: аяқтарының арасын иықтың деңгейінде ашып тұрады. Шеңбер – оң қолда.
Қолдарын қапталға көтереді, арқасына қояды, шеңберді екінші қолына алады. Қолдарын қапталға созады. Б.қ. (5-6 рет)
Б.қ.: аяқтарының арасын ашып, шеңберді кеуде тұсына шығарып ұстайды. Шеңберді жоғары көтереді, шетін аяқтың арасындағы еденге тигізеді, бойын тіктейді, шеңберді жоғары көтереді. Бастапқы қалыпқа оралады. (5-6 рет)
Б.қ.: шалқасынан жатады. Шеңберді бастан асырып ұстайды. Тізесін бүгеді, шеңбердің шетін тізесіне тигізеді. Б.қ. (5-6 рет)
Б.қ.: аяқтарының арасын сәл ашып, шеңберде тұрады. Шеңбердің ішінде қос аяқтап секіреді, сегізінші рет санағанда шеңберден секіріп шығады (жүрумен кезектестіріп 4 рет).
Достарыңызбен бөлісу: |