(заттарды пайдаланбай орындайды)
1. Б.қ.: аяқтарының арасын сәл ашып, қолдарын төмен түсіріп тұрады. Отырады, қолдарын қаптал арқылы жоғары көтереді, аяқтарының ұшына тұрады, қолдарын бастан асыра шапалақтайды, табанын толық басады, қолдарын қапталға созады. Б.қ. (5-6 рет) 2. Б.қ.: аяқтарының арасын иықтың деңгейінде ашып, қолын белге қойып тұрады. Оңға
(солға) бұрылады, қолдарын қапталға созады, қолына қарайды, Б.қ. (3 реттен)
Б.қ.: аяқтарын тігінен созып, қолдарын артқа итеріп отырады. Оң аяғын тігінен көтереді, түсіреді. Б.қ. (6 рет)
Б.қ.: етпетінен жатады, аяқтарын тік ұстап, қолдарын алға шығарып, шынтағын бүгеді.
Қолдарын алға қарай шығарады, аяқтарын еденнен көтереді, бүгіледі. Б.қ. (5-6 рет)
Б.қ.: аяқтарын қосып, қолын беліне қойып тұрады. Санап тұрып қос аяқтап секіреді (аяқтарын ашып – аяқтарын қосып). Орташа қарқынмен жасайды. (8 рет секіреді, 2 рет қайталайды)
Достарыңызбен бөлісу: |