Б.қ.: орындықта қолдарын төмен түсіріп отырады. Қолдарын қапталға қарай көтереді; жоғары, қапталға, б.қ. қайтып оралады (5-6 рет).
Б.қ.: орындықта қолын беліне қойып отырады. Оңға (солға) еңкейеді, саусақтарының ұшын еденге тигізеді, бойын тіктейді, б.қ. қайтып оралады (3 реттен).
Б.қ.: орындықта отырады, аяқтарын тік қояды, қолдарын орындықтың шетіне тірейді. Оң аяғын (сол) бүкпей көтереді, түсіреді (5-6 рет).
Б.қ.: орындықтың қасында өкшелерін қосып, аяқтарының басын ашып, қолдарын түсіріп тұрады. Отырады, алақандарын орындыққа тигізеді, тізелерінің арасын ашады, арқасын тік ұстайды, тұрады, бастапқы қалыпқа оралады (5-6 рет).
Б.қ.: қолын белге қойып, орындықтың қасында өкшелерін қосып тұрады. Еңкейеді, алақандарын орындыққа тигізеді, бойын тіктейді, б.қ. оралады (5-6 рет).
Б.қ.: сол қалып. Орындықты айналып қос аяқтап секіреді және жүгіреді. Жаттығуларды кезектестіріп орындайды (оңға және солға).
Достарыңызбен бөлісу: |