Денешынықтыру



бет347/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   343   344   345   346   347   348   349   350   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

№8 кешен


(текшелермен)

  1. Б.қ.: аяқтарының арасын сәл ашып тұрады. Оң қолда – текше. Қолдарын қаптал арқылы жорғары көтереді, текшені сол қолына алады, қолдарын түсіреді. (5-6 рет)

  2. Б.қ.: аяқтарының арасын сәл ашып тұрады. Отырады, текшені еденге қояды. Қолымен белін таянып, тұрады, бойын тіктейді. Б.қ. (5-6 рет)

  3. Б.қ.: тізерлеп, оң қолына текше ұстап тұрады. Оңға (солға) бұрылады, текшені оң (сол) аяғының бас жағына қояды. Б.қ.: (әр жаққа 3 реттен)

  4. Б.қ.: аяқтарының арасын ашып отырады, оң қолда – текше. Еңкейеді, текшені оң (сол) аяғының қасына қояды, бойын тіктейді, қолымен белін таянады. Еңкейеді, текшені алады.

Б.қ. (5-6 рет)

  1. Б.қ.: аяқтарының арасын сәл ашып, қолымен белін таянып тұрады. Текше еденде тұрады. Текшені айналып қос аяқтап секіреді. (Әр жаққа 3-4 реттен)

9 кешен

  1. Б.қ.: аяқтарының арасын сәл ашып, қолдарын төмен түсіріп тұрады. Қолдарын жоғары көтереді, қол шапалақтайды, түсіреді. Б.қ. (5-6 рет)

  2. Б.қ.: аяқтарының арасын сәл ашып, қолдарын төмен түсіріп тұрады. Отырады, қолдарын алға созады, тұрады, бойын тіктейді. Б.қ. (5-6 рет)

  3. Б.қ.: аяқтарының арасын ашып отырады, қолын беліне қояды. Еңкейеді, қолдарын аяқтың ұшына тигізеді (оң және сол аяққа кезекпен). Б.қ. (5-6 рет)

  4. Б.қ: шалқасынан жатып, қолдарын белге қояды. Тізесін бүгіп, қолын тигізеді. Б.қ. (5-6 рет)

  5. Б.қ.: аяқтарын қосып түрегеп тұрады, қолдары дененің бойында. Қос аяқтап секіреді

(аяқтарының арасын ашып – қолдарын қапталға созады). Б.қ. 8-ге дейін жасайды. (3 рет)
10 кешен
(орамалдармен)

  1. Б.қ.: аяқтарының арасын сәл ашып тұрады. Екі қолына орамал ұстайды (шетінен ұстайды). Орамалды алға, жоғары, алға көтереді. Б.қ. (5-6 рет)

  2. Б.қ.: аяқтарының арасын иықтың деңгейінде ашып тұрады, оң қолда – орамал. Оңға

(солға) бұрылады, орамалды бұлғайды. Б.қ. оралады. Орамалды сол қолына алады. (Әр жаққа 4 реттен)

  1. Б.қ.: аяқтың арасын сәл ашып, екі қолына да орамал ұстап тұрады (үстіңгі шетінен ұстайды). Отырады, орамалды алға шығарады, тұрады, орамалды түсіреді. Б.қ. (5-6 рет)

  2. Б.қ.: аяқтарының арасын ашып тұрады. Орамал – кеудеде. Алға қарай еңкейеді, орамалды оңға-солға бұлғайды, жоғары көтереді. Б.қ. (5-6 рет)

  3. Б.қ.: аяқтарының арасын иықтың деңгейінде ашып тұрады, орамал – оң қолда. Бір орында және өзін айналып секіреді, жүгіреді. Жаттығуларды кезектестіріп орындайды. (23 рет)

11 кешен


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   343   344   345   346   347   348   349   350   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет