Денешынықтыру



бет376/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   372   373   374   375   376   377   378   379   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

«Қуыспақ»


Балалар залдың бір шетіндегі сызықтың бойына тұрады. Олар ортада тұрған қуғыншының қолына түсіп қалмауға тырысып, залдың келесі бетіндегі сызыққа қарай жүгіріп өтеді. «Бір, екі, үш – жүгір!» деген кезде балалар залдың қарсы бетіне жүгіреді. Ал ортадағы ойыншы оларға қолының ұшын тигізуге тырысады. Оның қолы тиген балалар қолға түскен болып саналады және ойыннан шығады. 2-3 рет жүгіріп өткеннен кейін ұсталған балаларды санайды. Қуғыншының орнына басқа бала сайланады.

«Тауық қорадағы түлкі»


Залдың бір жақ шетінде тауық қора орналасқан (гимнастикалық орындықтарды пайдалануға болады). Қорада тауықтар балапан басып жатыр.
Залдың қарсы бетінде – түлкінің ұясы. Қалған бос орынның бәрі – аула. Ойынға қатысатын балалардың бірін түлкінің орнына сайлайды. Қалған балалар – тауықтар. Педагогтің белгісі бойынша тауықтар секіріп түсіп, аулада жүгіреді, қанаттарын қағады, дәнді тұмсықтарымен шоқиды. «Түлкі» деген белгі берілген кезде тауықтар қораға қарай қашып, орындарына отырып алады. Ал, түлкі тауықтарды қолға түсіруге тырысады. Құтылып үлгермеген баланы өзінің ініне алып кетеді. Түлкі 2-3 тауықты қолға түсіргеннен кейін басқа түлкі сайланып, ойын қайта жалғасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   372   373   374   375   376   377   378   379   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет