Мақсаты: жоғары қарай секіру және төрттағандап еңбектеу дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:қапталға бұрылу үшін мейлінше биікке секіруге үйрету, сапта тұрғанда бірқалыпты қозғалыс ырғағын сақтай отырып жүру және жүгіру қабілетін нығайту. Еңбектеуге жаттықтыру. 3 доғаның астынан кезекпен өткізіп, ептілік пен икемділік қабілетін дамыту. Өз денсаулығын күтуге үйрету.
Мақсаты: допты дамалату және бір орында тұрып секіру дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:допты заттардың арасымен домалатқан кезде доп траекториясы бағытын өзгертуді үйрету. Допты қол саусақтарымен қатты күш салмай ақырын итеріп жіберу қабілетін дамыту. Бір орында секіруге, оң және сол жаққа бұрылуға жаттықтыру, екі аяқпен бір уақытта жерден серпіле секіріп оңға, солға бұрылу және айналу қабілетін нығайту. Зейінін, үйлестіру қабілетін дамыту. Салауатты өмір сүру дағдысын қалыптастыру.