96
Таза ауада өткізу
Тақырыбы: Сиқырлы сақиналар
|
Мақсаты: тепе-теңдікті, қимыл үйлесімділігін сақтау дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері: самокатпен белгіленген бағытта конустар мен сақиналардың арасымен сырғанауға үйрету. Организмнің функционалдық мүмкіндіктерін арттыруға ықпал ету. Ойынның шарттарына қарай шеңберге және сапқа тұру қабілетін нығайтуды жалғастыру. Алаңның бір жақ шетінен қарсы бетіне жүгіріп өту қабілетін жетілдіру. Еденнен бір уақытта қос аяқпен екпінмен секіру қабілетін нығайту. Ептілік, шапшаң әрекет ету қабілеті мен зейінін дамыту. Қимылдарды өзге балалармен үйлесімді етіп жасау қабілетін нығайту.
|