Күтілетін нәтиже:
жасайды: еңбектеуді (қашықтығы – 6 метр), «өкшеге отырып» бір-біріне допты домалатуды.
түсінеді: жапырақтардан гүлшоғын жасау жолдарын, допты жұптардың арасындағы қашықтыққа сай келетін күшпен итеру қажеттігін біледі.
қолданады: еркін бағытта жүру, кеңістікте бағдарлау, қозғалыс бағытын сақтай отырып, алақан мен тізеге төрт аяқтап еңбектеу қабілетін пайдаланады.
Құралдар мен материалдар: күзгі жапырақтардың түсу сәтіне қатысты слайдтар, картиналар, күзгі жапырақтардың макеттері, топтың жартысына жететін доп, ойынға арналған шеңберлер.
Билингвалды компонент: жапырақты тап – найди листок, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Балаларды серуендеп, көгалда демалу үшін орманға шақырады.
Слайдтарды көрсету (орман).
II. Негізгі кезең.
Ойын түріндегі жаттығу: «Жапырақты тап».
Билингвалды компонент: жапырақты тап – найди листок Күзгі жапырақтардан гүлшоғын жасау.
Жаттығу: «Күз».
Дене сымбатын қадағалау.
Негізгі іс-қимылдарды орындайды:
«Өкшеге отырып» бір-біріне допты домалату, қашықтығы – 2 метр. Қозғалысты естеріне салу (допты екпінмен итеру қажеттігіне назар аудартады).
Төрт аяқтап еңбектеу (қашықтық – 6 метр). Тіке бағытта қозғалады, қол мен аяқтың қимылдарын үйлестіру қажет.
Ойын ұйымдастыру: «Қасқыр мен қояндар»
Ойынның ережесін түсіндіреді, ойын жағы рөлдік қимылдарға балалардың назарын аударады.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
Музыканың ырғағымен жапырақтың сыбдырын салу.
Достарыңызбен бөлісу: |