Денсаулық сақтау технологиялары: жалпақтабанның алдын алуға арналған жаттығулар, тыныс алу гимнастикасы. Күтілетін нәтиже: жасайды: тыныс алу жаттығуларын, жалпақтабанның алдын алуға арналған жаттығуларды, ойындағы әртүрлі рөлдік қимылдарды.
түсінеді: тыныс алу гимнастикасын не үшін жасау керектігін, заттарды неге оң жақтан және сол жақтан айналып өтетінін, заттарды қолдың көмегінсіз, аяқтағы башпайлардың көмегімен қозғалтуды.
қолданады: секіру – аяқты қосып, аяқтың арасын ашып, қол шапалақтау қабілеті; жүгіргенде аяқ пен қолды үйлесімді қимылдату, педагогтің айтқандарын тыңдау және орындау; тізені жоғары көтеріп, шеңбер бойымен жүру, кеңістікте бағдарлау қабілетін.Құралдар мен материалдар: ойыншық аю, бір-бірінен 1 метр қашықтыққа қойылған 7 дана кегель, орамалдар және тартылуға, орын алмастыруға арналған басқа да ұсақ заттар. Билингвалды компонент: аю – медведь, қонжық – медвежонок, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания