Денешынықтыру



бет223/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

Құралдар мен материалдар: ойыншық қуыршақтар, қонжық, қоян, түлкі, гимнастикалық орындық (орындықтың ұзындығы – 35 см, ені – 20 см) – 4 дана, құм толтырылған қапшықтар (бала санына қарай), ойнайтын шарлар, ірі құрылыс материалдарынан бағандар.
Билингвалды компонент: ойыншықтар – игрушки, қуыршақ – кукла, қонжық – медвежонок, көжек – зайчик, түлкі – лиса, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Ойындық сәт: ойыншықтармен танысу, оларды сиқырлы таяқшаның және «1-2-3 – ойыншыққа жан біт!» деген сөздердің көмегімен оларға жан бітіру.
Ойыншықтарды демалтып, балаларды ойыншыққа айналдыруды ұсынады.
II. Негізгі кезең.
Ырғақты-музыкалық қимылдар: сапта бір-бірден музыканың ырғағымен жүру, тапсырмаларды орындау – айналу, жеңіл әрі ырғақпен секіру.
Ырғақты гимнастиканы орындау (балалардың өз қалауынша тұруына көмектеседі).
Негізгі қимыл-қозғалыстарды орындау:
Төбесіне қапшық қойып, белін таянып, тізені жоғары көтеріп гимнастикалық орындық үстімен жүру.
Ойын түріндегі жаттығу: «Түсіріп алмай өткіз». Орындықтан асықпай, аяқтың ұшымен түсу.
Алға қарай жылжып, 3 метр қашықтыққа секіру,
Бір уақытта қос аяқпен серпіліп секіру, қолын сермеп көмектесу.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Шарлар мен бағандар».
Ойын тәртібін түсіндіру: шарды бағанға тигізу қажет, шарды асықпай, ақырын домалату. Орындау тәсілін көрсету.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
ҰОҚ-ны қорытындылайды, балаларды ынталандырады.Ойыншықтарды күтіп ұстау қажеттігін балалардың есіне салады.
Релаксация: «Бұзылған қуыршақ». Балалардың тыныс алуы мен демін сыртқа шығаруына назар аударады.
Ойыншықтарды қайтадан балаларға айналдырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет