Денешынықтыру


Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары № 57



бет226/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары № 57


Білім беру саласы: Денсаулық. Әлеумет Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Шаңғымен сырғанап жүреміз. (Таза ауада өткізу)
Мақсаты: шаңғымен жүрген кезде қимыл үйлесімділігін және тепе-теңдікті қалыптастыру.
Міндеттері: шаңғымен адымдап жүруге үйрету. Жолмен сырғанау дағдысын бекіту. Динамикалық тепе-теңдікті және қимыл үйлесімділігін дамыту. Спортпен шұғылдануға және салауатты өмір салты машықтарын тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: шаңғымен нық қадам жасау, шаңғымен адымдап және сырғи жүру.
түсінеді: екпінмен жүгіруді және сырғанауды, денесін тік ұстауды, аяқтарын тізеден сәл бүгу керек екенін, гигиеналық талаптарды. қолданады: кеңістікті бағдарлауды, жүрген кезде тепе-теңдікті сақтау білігін.
Құралдар мен материалдар: шаңғы.
Денсаулық сақтау технологиялары: көзге арналған гимнастика, балалардың иммунитетін көтеріп, қолдың ұсақ моторикасын дамыту үшін, физикалық қабілеті мен ақыл-ой қабілетін дамыту үшін саусақтарды созылмалы сақиналармен (су-джок) уқалау. Билингвалды компонент: «Кiм зейінді?» – «Кто внимательный?», шашырап жүру – ходьба «врассыпную», шашырап жүгіру – бег «врассыпную», сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Гигиеналық талаптарға баса назар аударады (шаңғымен жүрген кезде мұрынмен тыныс алу, сабақтан кейін суық су ішпеу).
II. Негізгі кезең.
I . Жүру. Алаңның шетімен баяу жүгіру 1 минут. Тыныс алуды қалпына келтіру. Жүру, шеңберге қайта тұру.
II. Шаңғыда тұрып дайындық жаттығуларын жасау:

  1. Бір орында шаңғыны қарға басып тұрып, шаңғының ұшын жоғары және төмен қозғалту.

  2. Бір орында шаңғыны қарға басып тұрып шаңғыны оңға, солға қозғау.

  3. Шаңғыны параллель қоя отырып, оңға, солға нық қадам жасау.

Шағын топтар болып шаңғымен жүру.
Шаңғы жолымен қозғалу – 30 метр: аттай отырып, 10 метр жүреді, («ат сияқты»); кеңінен сырғанай отырып 10 метр жүреді («аңшы» байқап қалмас үшін түлкі сияқты), 1- адым екпіндеп барып жүгіреді және 10 метр сырғанайды («түлкілер аңшыдан қашып барады»).
Педагог адымдарының ырғақтылығына назар аударады.
Сырғанау дағдысын бекіту.
«Кім алысқа барады?» – тәрбиеленушілер жан-жаққа қашады, кім сызықтан алысқа сырғанайды.
Педагог тепе-теңдіктің сақталуына және қол мен аяқтың үйлесімділігіне баса назар аударады, ең ептілерді мадақтайды.
Шаңғының айналасында жүру және жүгіру.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
Педагог қорытындысын шығарады, балаларды мадақтайды. Шаңғы жолындағы жетістіктері туралы айтып беруді ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет