Денешынықтыру



бет225/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

Құралдар мен материалдар: доптың жартысына жететіндей доп, гимнастикалық таяқтар – 8 дана, тапсырмалар жазылған карточкалар, сиқырлы дорба.
Билингвалды компонент: «Сиқырлы дорба» – «Волшебная дорба», сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Ойындық сәт: балалардың назарын сиқырлы дорбаға аударады.
Дорба – сыйлық салатын сөмке. Дорбадан ерекше бір конверт алып шығады. Онда тапсырмалар жазылған карточкалар жатыр.
Күшті әрі епті болу үшін осы тапсырмаларды орындау қажет.
II. Негізгі кезең.
№1 карточка. Ырғақты-музыкалық қимылдар: – тізбекте музыканың ырғағымен бір-бірден жүру, тапсырмаларды орындау.
Ырғақты гимнастиканы орындау (денесін тік ұстау, музыканың ырғағымен үйлесімді қимылдау)
Карточкаларды пайдаланып негізгі қимыл-қозғалыстарды орындау.
№2 карточка.
Төрт сызықтан (бір-бірінен 0,5 метр қашықтыққа қойылған төрт таяқша арқылы) екі аяқтап секіру, бір уақытта екі аяқпен екпінмен секіру, қолын сермеп көмектесу. Секірудің ізбе-із орындалуын қадағалау.
№3 карточка.
2 метр қашықтықта тұрып, бастан асыру тәсілі арқылы допты бір-біріне лақтыру. Нұсқау: өзіне қарай ұшып келе жатқан допты шынтағын аздап бүгіп, саусақтарының арасын ашып қағып алу керек.
№4 карточка.
«Қасқырға арналған қақпан» ойынын ұйымдастырады.
Ойын ережелерін түсіндіру. Қасқырлардың қимылдарына және аңшылардың үйлесімді әрекет етуіне назар аударады.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
ҰОҚ-ны қорытындылайды, балаларды ынталандырады. Барлық балалар қимылдарды әдемі, дұрыс орындауға тырысты. Сондықтан дорбадан оларға тосынсый сыйлайды (кішкентай ойыншықтар).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет