|
Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары № 59
|
бет | 229/390 | Дата | 07.02.2022 | өлшемі | 353,16 Kb. | | #88022 | түрі | Бағдарламасы |
| Байланысты: 2 5404868312226072454 Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары № 59
Білім беру саласы: Денсаулық. Әлеумет Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Біз өстік
Мақсаты: Допты меңгеру және гимнастикалық орындық бойымен жүру дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері: қозғалыс қарқынын сақтауға, аяқты өкшеден басып, ұшына түсіруге үйретуді жалғастыру. Түрегеп тұрған күйі допты бастан асырып алысқа лақтыру, қолды сілкіп түзету арқылы допты күшпен дақтыру қабілетін дамыту. Төбеге қапшық қойып, гимнастикалық орындықпен дене сымбатын бұзбай жүру, сколиоздың алдын алу.
Спортпен шұғылдануға тәрбиелеу, салауатты өмір сүруге дағдыландыру. Күтілетін нәтиже: жасайды: баяу қарқынмен жүгіру, доппен жалпы дамытатын жаттығуларды орындайды, допты бастан асырып лақтыру, төбесіне қапшық қойып, гимнастикалық орындық үстімен жүру жаттығуларын, ойындарда әртүрлі рөлдерді орындайды. түсінеді: қапшықты түсірмей жүру, бүгілген қолдарды екпінмен тіктеп, допты лақтыру күшін арттыру жолдарын.
қолданады: кеңістікте бағдарлау қабілетін, допты бастан асырып алысқа лақтыру, тепетеңдік сақтау қабілетін.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|