Келісемін: Мерзімі



Дата12.09.2020
өлшемі17,69 Kb.
#63724

Келісемін:

Мерзімі: 28.11.2016.

Сыныбы

2 «Г»


Пәні:Қазақ тілі

Пән мұғалімі:Тулендинова.Б.А.



Тақырыбы

Сұраулы сөйлем

Мақсаты

Оқушылар сөйлемнің айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдер болып бөлінетінін меңгереді, сұраулы сөйлем туралы түсінік алып ,жаттығуларды орындайды.

Міндеттері


Білімдік: Сұраулы сөйлем туралу мағлұмат беру, сауатты және көркем жазу дағдыларын қалыптастыру. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлауын ,сөздік қорын, тіл байлығын , сауатты жазуға дағдыларын ,шығармашылық қабілетін дамыту Тәрбиелеушілік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа, ізденпаздыққа ,табиғатты сұлулыған қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Қолданылатын әдіс –тәсілдер

сұрақ-жауап,түсіндіру, әңгімелеу,салыстыру,сөйлем құрау.

Көрнекілігі

Қазақ тілі оқулығы, слайд, түрлі суреттер,жұлдызшалар,жұмбақтар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.

ІІ.Психологиялық ахуал

Біз қандаймыз,қандаймыз,

Жаңа жауған қардаймыз.

Ақпыз,пәкпіз,тазамыз,

Біз білімді баламыз

ІІІ.Қызығушылықты ояту

Мұғалім: балалар, қазір болатын сабағымыз – қазақ тілі. Бізге бүгін қонақтар келіпті.Сабағымыз бүгін ерекше болмақ. Олай болса сабағымызды бастайық.

-Балалар далада жер бетін не басып жатыр?

-Қар

-Яғни қыс мезгілі бізге мынындай тапсырмалар жіберіпті.



Слайд «Сиқырлы ұлпа қар» деген ойынмен бастайық.

-Балалар экранымызда ұлпа қарлар бейнеленген ,бұл қарлардың астында сөз жасырылған,егер бұл тапсырмасын дұрыс орындасақ,біз жасырылған сөзді оқи аламыз.



Қыс мезгілінің бірін айы қалай аталады?

-желтоқсан айы.

-Жарайсыңдар ,балалар!

-Желтоқсан айында қандай мерекелер бар?

-Бірінші желтоқсан «еліміздің тұңғыш елбасы күні».

-Он алтыншы желтоқсан «Тәуелсіздік күні»

-Біздің Презилентіміз кім?

- Біздің Президентіміз Н.Ә.Назарбаев.



-Біз қандай мемлекетпіз?

-Тәуелсіз мемлекетпіз



-Тәуелсіздік алғанымызға биыл неше жыл болады?

-Тәуелсіздігімізге жиырма бес жыл олды.



-Біздің астанамыз қай қала?

-Біздің астанамыз Астана қаласы.



-Астана қандай қала? -Астана әсем , көрікті,жас қала.

-Балалар,қарлардың артында не жасырынып тұрғанын қарайықшы

-Сөз жасырыпты,қане оқып көрейікші

-Сұраулы


-Яғни ,балалар біздің тақарыбымыз «Сұраулы сөйлем»

Балалар мен бағанадан бері не істедім? (Сұрақ қойдыңыз.)


- Сұрақты не үшін қоямыз? (жауап алу үшін)
- Осыдан қандай ереже шығарып алуға болады?
Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (?) қойылады

( Балалар бір-біріне сұрақтар қояды)



IV.Үй тапсырмасы:

-Сөйлем дегеніміз не?

-Хабарлы сөйлем дегеніміз не?

173-жаттыгу.Сөздерден сөйлем құрау.

(Орамал,құлақшын,камзол)

-Балалар сендер қандай сөйлемдер құрастырдыңдар?

-Хабарлы сөйлем.

-Енді бұл сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдырайықшы

-Жақсы балалар!

V.Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс.
175 - жаттығу
Өлең шумақтарын мәнерлеп оқытып, салыстыру.

Көлге келіп қонады, – Сені өсірген баптап кім?


Көлдің көркі болады. Аққу неткен аппақсың?
Аңшы бірақ атпайды, - Таза ауада жүремін
Аққудың бар обалы. Тұнық суға жүземін.
(А. Ершуов) (Қ. Толыбаев)

- Сөйлемнің соңына назар аударшы, қандай тыныс белгісі бар?


- Қай ақын сұраулы сөйлемді пайдаланған?
- Балалар енді екі өлеңді салыстырайықшы. Салыстыру үшін нені білуіміз керек?
Ұқсастығы мен айырмашылығын.
Веен диаграмасы
- Аққу туралы не білеміз?
Дәптермен жұмыс. 176 - жаттығу.
Мәтінді оқытып, не туралы айтылғанын сұрап, сұраулы сөйлемдерді көшіріп жаздырту.
- Көке, мынау не төбешік?
- Илеу деген не?
- Бүкіл құмырсқа бір - ақ үйде тұра ма?
- Олар тату тұра ма?
Тізбектей оқу
Құмырсқа туралы не білетіндерін сұрау.
Құмырсқаның илеуін бұзуға болмайды.
VI.Сергіту сәті.
Аспанға қарап ай көрдік
Жерге қарап күн көрдік
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдік.
177-жаттығу

Мына жағдайларды білу үшін сұраулы сөйлем жаса.(ауызша)


- Сабақтың басталатын уақыты;
- сыныптағы кезекшінің есімін
- Асқардың сабаққа кешігу себебін;
- қазақ тілінде дауысты дыбыстардың санын.

VI.Қорытынды
178- жаттығу

1. Рөлге бөліп оқытып, сұрақтар қою.


- Бұлттар қайда қонады?
- Бұлттар – таудың қонағы.
- Құстар қайда қонады?
- Құстар – талдың қонағы.
- Қаңбақ қайда қонады?
- Қаңбақ – сайдың қонағы.
- Қармақ қайда қонады?
- Қармақ – судың қонағы.
(Несіпбек Айтов)
- Қандай сөйлемдер оқыдыңдар?
- Талдау

Жұмбақ шешу


Өзім сөзден тұрамын.
Біткен ойды құрамын.
(Сөйлем)
Қоя салсаң бір тары,
Жаңалықты жеткіземін.
(Хабарлы сөйлем)
Ойды аяқтап орақ тұрады,
Жауап сөз қалап тұрады.
(Сұраулы сөйлем)
VII.Үй тапсырмасы. 179 - жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрау.

-Балалар құраған әңгімелеріңде хабарлы да ,сұраулы сөйлемдер болуы тиіс.


VII. Бағалау. Сабаққа қатысқан оқушыларды бес, төрт,үш бағаларымен бағалау.

Каталог: uploads -> doc -> 0339
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0339 -> Сабақ Сабақтың тақырыбы: Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы. Жеті жарғы заңы. Сабақтың мақсаты: Білімділік
0339 -> Сабақ № Қазақ тілі 11 «В» сынып Сабақ тақырыбы: Үлкен білім ошағы
0339 -> Тақырыбы: Қазақ тіліндегі «У» дыбысының еоекшеліктері
0339 -> Сабақтың барысы : Балалар тірбиешімен бірге киіз үйдің ішіне келіп,айнала отырады
0339 -> Өз білімін жетілдіру


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет