Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары № 64
Білім беру саласы: Денсаулық. Таным Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Алақанмен шапалақтап, аяқпенен топылдатамыз
Мақсаты: Көлденең нысанаға дәлдеп лақтыру дағдысын қалыптастыру.
Міндеттері: қарағай бүрлерін (ойыншық текшелерді) 2 метр қашықтықтан көлденең нысанаға лақтыру, көзбен мөлшерлеу қабілетін дамыту. Адымын кең ашып, жылдам қарқынмен жүгіру, қол мен аяқтың қозғалысын үйлестіру қабілетін жетілдіру. Табанды өкшеден аяқтың ұшына дейін тигізу, тепе-теңдік сақтау қабілетін нығайту (жалпақтабанның алдын алу, табандағы бұлшық еттерді нығайту). Педагогтің айтқандарын тыңдау, оның көрсеткендерін мұқият ден қоюға үйрету, өз қимылдарын өзге балалармен келісіп жасауға үйрету, қозғалыстарды орындау ізбе-ізділігі мен тәртібін сақтау. Күтілетін нәтиже:
жасайды: жалаушалармен жаттығулар жасайды, 5 метр қашықтыққа 3 реттен қайталап жүгіреді, жүгіріп келгеннени кейін демін қалпына келтіру жаттығуларын, 2 метр қашықтықтан көлденең нысанаға көздеп лақтыру жаттығуларын. түсінеді: жүру және жүгіру кезінде педагогтің командаларымен, өзге балалармен үйлесімді қимылдау; қолдарын екпінмен жоғары-төмен сермеу тәсілдерін. қолданады: қырлы тақтай үстімен жүру, аумағы шектелген жерде динамикалық және статикалық тепе-теңдік сақтау, көлденең нысананы көздеп, алысқа лақтыру қабілетін. Құралдар мен материалдар: әр балаға 2 дана жалауша, қырлы тақтай – 4 дана, диаметрі 50 см шеңберлер – 6 дана, бала санына қарай лақтыратын шишкалар.
Достарыңызбен бөлісу: |