Денешынықтыру



бет286/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

Құралдар мен материалдар: гимнастикалық орындықтар (биіктігі – 20 см) – 4 дана, бала санына қарай пластмасса доптар.
Билингвалды компонент: орындық – скамейка, шеңбермен жүру – ходьба по кругу, шеңбермен жүгіру – бег по кругу, ирек жүру – ходьба «змейкой», ирек жүгіру – бег «змейкой», сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Орындықтарды бір-біріне параллель орналастырады.
Ойындық сәт. Кәдімгі орындықтарды сиқырлы орындыққа айналдыруға шақырады. Сиқырлы орындық балалардың үлкен болуына көмектеседі.
II. Негізгі кезең.
Бір-бірден сап түзеп тұру. Шеңберді бойлай жүру, орындықтардың арасымен «жыланша» иректеп жүру, шеңберді айналып жүгіру.
Орындықтардың үстінде жалпы дамытатын жаттығуларды орындау: тепе-теңдік сақтау.
Негізгі қимылдарды орындайды:
20 см биіктен тереңге секіру.
Жерге түскеннен кейін тепе-теңдік сақтауға назар аударады.
Оң және сол қолмен алысқа лақтыру.
Орындалу тәсілін түсіндіру.
Нұсқау: допты алға-жоғары-алысқа лақтыру.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Мысық пен құстар».
Ойын ережелерін түсіндіру.
Құстардың қимылдарын әдемілеп салуға назар аударады.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
ҰОҚ-ны қорытындылайды, балаларды ынталандырады.
Сиқырлы орындықтар балалардың үлкен әрі әдемі болуына көмектесті. Балалардан қандай болғандарын көрсетіп берулерін сұрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет