Күтілетін нәтиже:
жасайды: алақан мен тізені тіреп, көлбеу тақтайдың үстімен жоғары қарай еңбектейді, оң және сол қолмен лақтыру, секіру жаттығуларын, ойындағы рөлдерді. түсінеді: қолдарға арналған тапсырмаларды орындап, жүру, лақтырғанда қолды екпінмен сермеу қажеттігін, шеңберден-шеңберге ізбе-із секіру әдісін. қолданады: бір, екі сапқа, екі қатарға тұру қабілетін, шеңберден-шеңберге секіру, еңбектеу қабілетін, кеңістікте бағдар табу қабілетін.
Құралдар мен материалдар: ойыншық «Тиін», бала санына қарай қарағай бүрлері немесе пластмасса ойыншықтар, көлбеу тақтай – 2 дана, шеңбер –10 дана.
Билингвалды компонент: тиін – белка, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Жұмбақ жасырады. Жауымнан мен қашқанда Ағаштарға самғап бағам. Ал қарыным ашқанда,
Отырып ап жаңғақ шағам.
Тиін келеді.
Тиін балаларды бірге ойнауға шақырады. Сол сияқты епті әрі шапшаң болуды үйренеді II. Негізгі кезең.
Бір-бірден шеңбер құрап тұру, қолды әртүрлі қалыпта ұстап (жоғары көтеру, қапталға, алға созу, иыққа апару) аяқтың ұшымен жүру, өкшемен жүру.
Қарағай бүрлері немесе пластмасса ойыншықтарды пайдаланып, жалпы дамытатын жаттығуларды орындау.
Негізгі қимылдарды ойын түрінде орындау.
Оң және сол қолмен алысқа лақтыру.
Ойын түріндегі жаттығу: «Кім алысырақ лақтырады?».
Лақтырудың орындалу тәртібін еске салады: қолда иықты үстіне қарай алға-жорғары көтеру қажет.
Балалардың назарын лақтыру күшіне аударады.
Алақан мен табанды тіреп, көлбеу тақтайдың үстімен өрмелеу.
Шеңберден-шеңберге секіру (бес шеңберден екі қатар).
Нұсқау: қимылдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бір шеңберде бір баладан болуы тиіс.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Орныңды тап!».
Шеңберлерді кез келген бағытта орналастыруға болады.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
ҰОҚ-ны қорытындылайды, балаларды ынталандырады.
Ойын түріндегі жаттығу: «1-2-3– ал!».
Тиінмен бірге балалардың ойыншықтарын алып қоюға тырысады. Тиін балалармен қоштасады.
Достарыңызбен бөлісу: |