Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары № 90
Білім беру саласы: Денсаулық.
Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Самокат тебеміз. (Таза ауада өткізу)
Мақсаты: самокатпен сырғанау кезінде тепе-теңдікті сақтау дағдысын қалыптастыру.
Міндеттері: самокатпен сырғанау кезінде бұрыла білу, тепе-теңдікті сақтауға үйрету.
Биіктігі 10 см үш заттан кезекпен секіріп өту қабілетін жетілдіру.
Аяқты ұшымен қою, тізені бүкпей өкшемен жүру жаттығуларын орындау, табандағы бұлшық еттерді нығайту (жалпақтабанның алдын алу). Гимнастикалық қабырғамен өрмелеу, алға қарай қосалқы адым жасап, бір кермеден екіншісіне өту (3 керме) жаттығуларын орындауды жалғастырамыз. Күшті, епті болуға үйрету, зейінін, әрекет ету жылдамдығын дамыту; жинақылыққа, батылдыққа, өз-өзіне деген сенімділікке тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: жасайды: көзге арналған жаттығуларды, қолға арналған су-джок жаттығуларын, заттар арқылы секіру және гимнастикалық қабырғамен өрмелеу жаттығуларын. түсінеді: гимнастикалық қабырғаның тепкішектерін қалай дұрыс ұстау керектігін, тапсырмаларды тізбекпен орындау, секіргенде екі аяқпен бір уақытта екпінмен итерілу қажеттігін, самокатпен қалай бұрылу керек екенін. қолданады: аяқтың ұшымен жүгіру және өкшемен жүру жаттығуларын кезекпен орындау қабілетін, гимнастикалық баспалдақпен өрмелеу қабілетін, заттар арқылы секіру, кеңістікте бағдар табу қабілетін.
Достарыңызбен бөлісу: |