Денешынықтыру



бет295/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

Құралдар мен материалдар: ғарыштық әуен, бала санына қарай диаметрі – 20 см доптар, бала санына қарай биіктігі – 10 см модульдер, түрлі түсті жалаушалар – 4 дана, батареямен жұмыс істейтін 4 руль.
Билингвалды компонент: зымыран – ракета, «Бір, екі, үш – ұшамыз!» – «1-2-3 – полетели!», сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Ескертеді: Балалар, сендер бәрің «Байқоңыр» ғарыш айлағында арнайы дайындықтан өттіңдер. Енді зымырандарға мініп, ғарышқа саяхат жасайық. II. Негізгі кезең.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Кім зейінді?». Балалардың зейін қою қабілетін тексеру. «Ғарышкерлер» зымырандағы орындарын есте сақтап қалуы керек.
Ойын түріндегі жаттығу: «Зымырандардың ұшуы». Зымырандарды басқару пультін қосу:
«1-2-3 – кеттік!» деген белгі береді. Нұсқау: пелагогтің соңынан ұшу қажет.
«Музыкалық ғаламшар».
Ырғақты гимнастиканы орындау. Ескерту: демді іште ұстауға болмайды.
Негізгі қимылдарды орындау.
«Секіргіштер» ғаламшары: бұл ғарышта бәрі секіріп жүреді. Заттардың үстінен қос аяқтап секіру (биіктігі –10 см).
«Түрлі түсті ғаламшарлар» Бұл ғаламшардың тұрғындары түрлі түсті доптарды өте жақсы көреді. Допты екі қолмен еденге ұру. Қозғалыс техникасын түсіндіру. Балалардың мінезқұлық этикасына мән береді. Доп басқа жаққа домалап кетсе, серіктесінің қолына әкеліп береді.
«Сиқырлы ғаламшар». Еске салады: бұл ғаламшардың тұрғындары алыптар мен ергежейліге айнала алады.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Алыптар мен ергежейлілер».
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
ҰОҚ-ны қорытындылайды. Балаларды ынталандырады.
Жерге қайтып оралады.
Саяхаттан кейін демалуға шақырады. «Табиғат дыбыстары» музыкасын тыңдау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет