Білім беру саласы: Денсаулық. Әлеумет Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Демалыс саябағында
Негізгі қимыл-қозғалыстар: гимнастикалық қабырғамен аяқты кезекпен қойып өрмелеу.
Допты қос қолдап еденген ұру.
Мақсаты: Баланың денсаулығын қорғау және нығайту, дене тәрбиесіне қызығушылығын дамыту, денсаулық сақтау технологияларын қолдана отырып, қозғалыс қабілеті мен икемділігіне талпындыру.
Міндеттері:аяқты кезекпен қойып, кермелерді қалдырмай гимнастикалық қабырғамен жоғары өрмелеу, түскен кезде соңғы кермеге дейін жету және жерге жеңіл түсу қабілетін жетілдіруді жалғастырамыз. Допты еденге қос қолдап ұру қабілетін жетілдіру, допты бүгілген саусақтармен ұрмауға үйрету. Батылдық, дербестік, ептілік қабілеттерін жетілдіру. Өзіне, жақындарына қайырымды болуға тәрбиелеу, белсенді демалысқа машықтандыру.