Білім беру саласы: Денсаулық. Әлеумет Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Көңілді сайыстар
Негізгі қимыл-қозғалыстар: қолды белге қойып, қапталға қосалқы адым жасап гимнастикалық орындық үстімен жүру. Гимнастикалық қабырғамен өрмелеу. Заттар арқылы қос аяқпен секіру (биіктігі –10 см).
Мақсаты: Баланың денсаулығын қорғау және нығайту, дене тәрбиесіне қызығушылығын дамыту, денсаулық сақтау технологияларын қолдана отырып, қозғалыс қабілеті мен икемділігіне талпындыру.
Міндеттері:қосалқы адым жасауды және биікте тепе-теңдік сақтауды, денесін тік ұстап, басын төмен түсірмеуді үйрету. Аяқтарын кезекпен басып, гимнастикалық қабырғаның бірде-бір кермесін қалдырмай өрмелеу, төмен түскен кезде керменің соңғысына дейін жетіп, жерге жеңіл түсу қабілетін нығайту. Биіктігі 10 см үш зат арқылы ізбе-із секіріп өтуге жаттығу. Ептілік, шапшаңдық пен зейін қою қабілетін дамыту; қозғалыс пен оның суреттегі нұсқасын бір-бірімен салыстыру қабілетін қалыптастыру; бір-біріне құрметпен қарауға үйрету.