Билингвалды компонент: құмырсқа – муравей, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Құмырсқалар туралы жұмбақ жасырады. Қиналып көтеріп, Өзінен ауырды.
Жорғалап кетеді,
Жүкшідей кәдімгі... (құмырсқа)
Ойындық сәт: балаларды батыл құмырсқаға айналуға шақырады.
Көздерін жұмады. Сиқырлы таяқшаларды балаларға тигізеді.
II. Негізгі кезең. «Құмырсқалар келе жатыр».
Бір-бірден сап түзеп жүру және жүгіру, бағытын өзгерту.
Ырғақты-музыкалық қимылдар.
«Бұлшық еттерді жаттықтырады».
Текшелерді пайдаланып жалпы дамытатын жаттығуларды орындайды. Нұсқау: кешенді жасау барысында денені тік ұстау қажет.
Негізгі қимылдарды орындау:
Бір орында тұрып оң және сол аяқпен секіру.
Нұсқау: бір аяқпен тұрып тепе-теңдік сақтау, демін іште ұстамауға тырысу.
«Тауға өрмелейді».
Гимнастикалық қабырғамен екі метр биікке өрмелеу.
Балаларың кермені дұрыс ұстауына назар аударады: төрт саусақпен үстінен, бас бармақпен астынан ұстайды.
«Достарымен ойнайды» қимыл-қозғалыс ойыны: «Қарлығаш»
Шеңберлер шеңбер бойымен орналасқан. Бұл – қарлығаштардың ұясы. Жүргізуші рөлін орындайды. Балалардың қолды тік сермеуіне назар аударады.
«Илеуге оралады».
Жыланша иректеп жүру.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия). ҰОҚ-ны қорытындылайды, балаларды ынталандырады.
Құмырсқалардың ормандағы ең күшті әрі еңбексүйгіш жәндік екенін атап өтеді.
Табиғатты аялау қажеттігіне ден қояы. «Демалыс» жаттығуы. Таяқтың ұшын тигізіп, құмырсқаларды балаға айналдырады.