Денешынықтыру



бет312/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

Құралдар мен материалдар: үлкен доп
Денсаулық сақтау технологиялары: көру қабілеті мен көздегі бұлшық еттердің жұмысын жандандыруға арналған жаттығулар, дыбыстар шығару арқылы тыныс алу жаттығуларын (ш) орындайды.
Билингвалды компонент: ойындар – игры, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сүйікті ойындарының атауларын атап беруді сұрайды. Ойынның балаларға шымыр, епті де шапшаң болуға көмектесетінін айтады.
II. Негізгі кезең.
Жаппай тәсіл
Саусақтардың ұсақ бұлшық еттерін дамытуға арналған жаттығулар: алаңның бетіне тігінен қойылған сақинаны айналдыру, сақиналарды өзінің жанында солға, оңға, тура айналдыру. Тәрбиеленушілер алаңның бір жағында тұрады және сақиналарды қарамақарсы жаққа қарай домалатады, сақиналарды қуып жетуге және қайта домалатуға тырысады.
Сақиналарды конусқа лақтыру. Тапсырманың орындалуын түсіндіреді және көрсетеді. Лақтырған кезде бастапқы қалыпты дұрыс ұстауға – оң қолмен лақтырған кезде аттас аяғының артқа қарай қойылуына назарларын аударады. Қимылдың бір қалыпты, сенімді түрде орындау қажеттігіне назар аударады.
Көзге арналған гимнастика: «Көгөністер» Мына біздің есек Көзін салды жаймен: Көзі түсті алмаға,
Көзі түсті қиярға,
Сол жағында – қызылша, оң жағында – сәбіздер.
Сол жағында – асқабақ, оң жағында – құлпынай.
Төменде – шөп, жоғарыда – көк. Не жерін білмей сасып тұр?
Самокатпен сақина ілінген конустардың арасымен сырғанау. Педагог конустарды бүкіл алаңға қойып шығады. Самокат тебуді және конустарға тиіп кептеуді ұсынады.
Тәрбиеленушілердің назарын самокатпен бұрылуға, конустарға тиіп кетпеуге аударады.
Қимылдарды орындағаннан кейін топтар орындарын ауыстырады.
Дыбыстардың көмегімен жасалатын тыныс алу гимнастикасы.
«Ш» дыбысы
Бұл жаттығулар жағымсыз эмоциялардан арылтуға көмектеседі және психоэмоционалдық жүктемені төмендетеді.
- Балалар, біз үйрекке айналып кеттік делік. Үйрек аулада қыдырып жүр. «Мен батыл үйрекпін, Қорықпаймын ешкімнен!»
«Ш-ш – ашулымын Кетіңдер!»
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
ҰОҚ-ны қорытындылайды, балаларды ынталандырады.
Ойын түріндегі жаттығу: «Дұрыс көрсет», жүргізуші рөлін орындау. «Көңіл күйің қандай?», «Көңіл күйің қалай?» деген сұрақтар қояды.
Мұндай ойындардың бала денсаулығына оң ықпал ететінін еске салады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет