Денешынықтыру


Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары № 97



бет313/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары № 97


Білім беру саласы: Денсаулық. Әлеумет Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Сиқырлы сандық
Мақсаты: Допты бір қолмен қайтара ұру және бір аяқпен секіру дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері: допты бір қолмен, қолды ақырын қимылдатып еденге ұру және допты соғу күшін реттеуге үйрету. Табанды толық баспай, аяқтың ұшымен итерілу арқылы бір орында секіру қабілетін нығайту. Орындық үстімен жүруге жаттықтырамыз, өз қимылдарын өзге балалардың қимылымен үйлестіріп жасау қабілетін жетілдіреміз. Педагогтің айтқандарын тыңдау, оның көрсеткендерін мұқият ден қоюға үйрету, өз қимылдарын өзге балалармен үйлестіріп жасауға, қозғалыстың ізбе-ізділігін сақтауға қабілетін нығайту. Тепе-теңдік сақтау, үйлестіру, төзімділік қабілеттерін дамыту; балалармен дос болуға, дербестікке баулу. Күтілетін нәтиже:
жасайды: текшелермен орындалатын жаттығуларды, допты бір қолмен еденге ұру, бір орында тұрып бір аяқпен секіру, орындық үстімен жүру жаттығуларын. түсінеді: биіктетілген жерде жүру, допты еденге ұрған кезде бастапқы қалыпқа дұрыс тұру, бір аяқпен секіру техникасын. қолданады: жаттығуларды жұптасып жасағанда үйлесімді қимылдау қабілетін, орындық үстінде екі жаққа айырылған кезде тепе-теңдік сақтау қабілетін, табанды толық баспай, аяқтың ұшын тіреп орындау, допты бір қолмен ұру, кеңістікте бағдар табу қабілетін. Құралдар мен материалдар: ою-өрнек салынған сандық, биіктігі 20 см гимнастикалық орындықтар – 2 дана, әр балаға 2 дана текшеден, топтың жартысына – диаметрі 20 см доптар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет