Білім беру саласы: Денсаулық. Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Баскетболшылар
Мақсаты: Еңіс тақтаймен өрмелеу және допты бір қолмен қайтара ұру дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері: көлбеу баспалдақ бойымен (гимнастикалық қабырғаның 3 кермесіне орнатылған) кермелерді қолмен ұстап, аяқ пен қолдың қимылын үйлестіре отырып өрмелеуге, гимнастикалық қабырғаға өтіп, жерге түсуге үйрету.
Қол саусақтарын еркін қимылдатып, допты еденге ұру қабілетін нығайту, допты саусақтарды бүкпей және алақанды қыспай ұру қабілетін нығайту. Ептілік пен үйлестіру қабілетін дамыту; спортпен айналысуға дағдыландыру, батылдыққа тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: жасайды:көлбеу баспалдақпен өрмелеп, гимнастикалық қабырғаға өту, допты бір қолмен еденге ұру жаттығуларын. түсінеді: гимнастикалық қабырғамен жүргенде қосалқы адымды қалай жасап жүретінін, гимнастикалық қабырғаның тепкішектерін қалай дұрыс ұстау керегін, допты еденге ұрғанда дұрыс тұру қажеттігін, өз қимылдарын өзге балалармен үйлестіру керектігін. қолданады: бір-бірден сап түзеп жүру және жүгіру, баяу қарқынмен жүгіру – 1,5 минут, жүгіргеннен кейін демін қалпына келтіру қабілетін, баспалдақпен өрмелеу қабілетін, допты еденге ұру және кеңістікте бағдар табу қабілетін.