Денешынықтыру


Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары № 93



бет304/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары № 93


Білім беру саласы: Денсаулық. Әлеумет Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Добым, добым домалап. (Таза ауада өткізу)
Мақсаты: Баланың денсаулығын қорғау және нығайту, дене тәрбиесіне қызығушылығын дамыту, денсаулық сақтау технологияларын қолдана отырып, қозғалыс қабілеті мен икемділігіне талпындыру.
Міндеттері: организмнің функционалдық мүмкіндіктерін арттыруға ықпал ету. Ойынның шарттарына қарай шеңберге және қатарға тұру қабілетін нығайтуды жалғастыру. Алаңның бір жақ шетінен қарсы бетіне жүгіріп өту қабілетін жетілдіру. Тепетеңдік сақтау қабілетін қалыптастыру. Ептілік, шапшаң әрекет ету қабілеті мен зейінін дамыту.
Педагогтің айтқандарын тыңдау, оның көрсеткендерін мұқият ден қоюға үйрету, өз қимылдарын өзге балалармен үйлестіріп жасауға, қозғалыстың ізбе-ізділігін сақтауға қабілетін нығайту; балалармен бірге ойнауға деген қызығушылығы мен қабілетін дамыту. Күтілетін нәтиже:
жасайды: суық тиіп сырқаттанудың алдын алуға арналған массаж, көру қабілеті мен көздегі бұлшық еттердің жұмысын жандандыруға арналған жаттығулар, дыбыстар шығару арқылы тыныс алу жаттығуларын, футбол добын берілген бағытта домалату. түсінеді: көңілді ойындардың көңіл көтеретінін, қимылдарын өзге ойыншылармен үйлесімді етіп орындау жолдарын, аумағы шектелген жерде тепе-теңдік сақтау әдісін, футбол добының мақсатын, футболшылардың алаңдағы әрекеттерін. қолданады: шеңбер құрау, қатар түзеп тұру қабілетін, залдың бір шетінен қарама-қарсы шетіне қарай қозғалу қабілетін, кеңістікте бағдар табу қабілетін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет