Құралдар мен материалдар: гимнастикалық қабырға, биіктігі – 10 см поролон текшелер – 8 дана, конустар, самокаттар.
Денсаулық сақтау технологиялары: көзге арналған гимнастика, ұсақ моториканы дамытып, балалардың иммунитетін көтеру үшін, ақыл-ой қабілетін дамыту үшін қолды, саусақтарды шарикпен, созылмалы сақинамен (су-джок) уқалау.
Билингвалды компонент: аяқтың ұшымен жүгіру – бег на носках, өкшемен жүру – ходьба на пятках, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания.
ҰОҚ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Шеңбер құрап тұруға шақырады.
1, 2, 3 – аяғымыздың ұшына қараймыз!
4, 5 – бастарыңды көтеріңдер асықпай!
1, 2, 3 – досыңды өзіңе бұр.
– қолдарыңды екі жаққа созыңдар,
– Досың екеуің орындарыңды ауыстырыңдар! II. Негізгі кезең.
Бір-бірден сап түзеп жүру. Аяқтың ұшымен жүру және өкшемен жүру жаттығуларын кезекпен орындау – жүгіргенде аяқтың ұшын басады, жүргенде тізесін бүкпей, өкшемен жүреді.
Тәрбиеленушілер бір-бірден тізбекке тұрады және жаттығуды легімен орындайды, текшелерден секіріп өтеді. Бір мезгілде екі аяқпен екпінді түрде итерілуге, аяқтың ұшымен түсуге, қолдары мен аяқтары қимылын үйлестіруге тырысады.
Ойын түріндегі жаттығу: «Тоқта!». Жүру, «шашырап» жүгіру. «Тоқта!» деген команда берілгенде – бір орында қозғалмай тұра қалады.
Көзге арналған гимнастика
Көзді оңға, солға бұр.
Шыр көбелек айналдыр. Жылдам жыпылықтат.
Негізгі қимылдарды орындау.
Спорттық жаттығулар – самокатпен шеңбер жасап жүру.
Педагог жердің бетінен екпінді түрде бір аяқпен итерілу, сырғанағанда тепе-теңдікті сақтау білігіне назар аударады. Самокаттың бұрылуы рульдің бұрылуына байланысты екенін – оны жылдам бұрмай, ақырын жасау керек екенін түсіндіреді. Тапсырманы орындағаннан кейін топтар орындарымен ауысады.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
ҰОҚ-ны қорытындылайды, балаларды ынталандырады. Ойын түріндегі жаттығу: «Күшіміз көбейді».
Достарыңызбен бөлісу: |