Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары № 88
Білім беру саласы: Денсаулық. Таным Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Байқоңыр
Мақсаты: Секіру мен өрмелеу дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері: секіру мен өрмелеу дағдыларын қалыптастыру.
Аяқты ұшымен қою, тізені бүкпей өкшемен жүру жаттығуларын орындау, табандағы бұлшық еттерді нығайту (жалпақтабанның алдын алу). Гимнастикалық қабырғамен өрмелеу, алға қарай қосалқы адым жасап, бір кермеден екіншісіне өту (3 керме) жаттығуларын орындауды жалғастырамыз.
Күшті, епті болуға үйрету, зейінін, әрекет ету жылдамдығын дамыту; жинақылыққа, батылдыққа, өз-өзіне деген сенімділікке тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: жасайды: ойындық жаттығуларды, аласа заттардың үстінен секіру, аяқтың ұшымен жүгіру және өкшемен жүру жаттығуларын кезектестіріп орындайды, гимнастикалық қабырғамен өрмелейді.
түсінеді: «ғарышкер, Байқоңыр» сөздерінің мәнін, гимнастикалық баспалдақтың тепкішектерін дұрыс ұстау жолдарын біледі, жарыс кезінде тапсырмаларды жылдам орындау қажеттігін, секіргенде қимылдарды ізбе-із орындау керектігін біледі. қолданады: аяқтың ұшымен жүгіру және өкшемен жүру жаттығуларын кезекпен орындау қабілетін, гимнастикалық баспалдақпен өрмелеу қабілетін, кеңістікте бағдар табу қабілетін.
Достарыңызбен бөлісу: |