Денешынықтыру



бет364/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   360   361   362   363   364   365   366   367   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

5-кешен


1. «Қанаттар».
Б.қ.: аяқтың арасын ашып, қолдарын төмен түсіріп тұрады.

  1. – қолдарын қапталдан жоғары көтереді (дем алу).

  2. – «төменге» деген сөзді айтып, қолдарын төмен түсіреді (демін сыртқа шығару).

2. «Аяқтың ұшымен тұрамыз».
1 – аяқтың ұшымен тұрып, қолдарын жоғары көтереді және қолына қарайды (дем алу). 2 – ақырын отырады (арқасын тіктеп), тізелерінің арасын ашады, қолдарын алға түсіріп,
«ш-ш-ш» дыбысын қайталайды.

  1. «Тербелу».

Б.қ.: аяқтың арасын ашып, қолдарын төмен түсіріп тұрады. 1 – оңға қарай қисаяды (дем алу). 2 – солға қарай қисаяды (демін сыртқа шығару).

  1. «Бұрылыс».

Б.қ.: аяқтың арасын ашып, қолдарын белге қойып тұрады.

  1. – оңға бұрылады (дем алу).

  2. – Б.қ., (демін сыртқа шығару). 3 – солға бұрылады (дем алу). 4 – Б.қ., (демін сыртқа шығару).

5. «Шапалақ».
Б.қ.: аяқтың арасын ашып, қолдарын төмен түсіріп тұрады.

  1. – қолдарын жоғары көтереді (дем алу).

  2. – «шапалақ» деген сөздермен алақандарын соғады (демін сыртқа шығару).

  3. – қолдарын қапталға созады (дем алу).

  4. қолдарын төмен түсіреді (демін сыртқа шығару).

6. «Аралар».
Б.қ.: аяқтың арасын ашып, қолдарын төмен түсіріп тұрады.

  1. – қолдарын қапталға созады (дем алу).

  2. – «з-з-з» деген дыбыспен қолдарын төмен түсіреді (демін сыртқа шығару).

7. «Жерге қону».
Б.қ.: аяқтың арасын ашып, қолдарын төмен түсіріп, саусақтарын айқастырады. 1 – қолдарын жоғары көтереді (дем алу).
2 – еңкейіп, «ух» деген дыбыс шығарады және қолдарын төмен түсіреді (демін сыртқа шығару).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   360   361   362   363   364   365   366   367   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет