2. «Әтеш». Таң атпай әнге басады, әтешім ұйқы ашады.
Б.қ.: аяқтарының арасын ашып, қолдарын түсіріп тұрады.
– қолдарын қапталға қарай көтереді (дем алу).
– «Ку-ка-ре-ку» деген сөздермен өздерінің санын соғады (демін сыртқа шығару).
3. «Сорғы». Суды толтыра сорып, гүлдерді суарамыз.
Б.қ.: н.т.
1 – қапталға қарай иіледі (дем алу). 2 – қолдарын қимылдатады, «с-с-с» деп дауыстап айтады (демін сыртқа шығару).
4. «Семафор». Жанып тұрса семафор, бізге қауіп төнбейді. Б.қ.: аяқтарын қосып отырады.
– қолдарын қапталға көтереді (дем алу).
– демін созып шығарып, қолдарын төмен түсіреді «с-с-с» деген дыбыс шығарады.
5. «Тыныстау». Б.қ.: денесін тіктеп, бойын бос ұстайды.
– мұрнының оң жағын сұқ саусағымен жауып, сол жағымен ақырын, ұзақ уақыт дем алады.
– дем алып болғаннан кейін, мұрынның оң жағын ашып, сол жағын сол қолдың сұқ саусағымен жабады. Мұрынның оң жақ тесігі арқылы демін созып, ақырын сыртқа шығарады, кеуде диафрагмасын мейлінше жоғары көтеріп, кеуде қуысын босатады.
6. «Дем алу». Б.қ.: н.т.
1 – мұрын арқылы ақырын дем алады. Кеуде қуысы кеңейе бастаған кезде дем алуды тоқтатады және 4 секунд үзіліс жасайды. 2 – демін мұрын арқылы ақырын шығарады.