Б.қ.: аяқтарының арасын ашып, қолдарын төбесіне қойып отырады.
– алға қарай еңкейеді, қолдарын аяққа тигізеді, тізесін бүкпейді.
Б.қ.
6
«Қош бол, орман!»
Бір орында секіреді, жүреді. Екеуін кезектестіріп жасайды.
«Атракциондар»
№п\п
Жаттығудың атауы
Жаттығудың орындалуы
1
«Пойыз»
Б.қ.: аяқтарының арасын ашып, қолдарын бүгіп, алға шығарып ұстайды: оң және сол қолдарын кезекпен түзетіп алға созады. «Пыш-пыш-пыыыш!» деген сөздерді қайталайды.
2
«Ұшақ»
Б.қ.: аяқтың арасын ашып, қолдарын қапталға созады: қапталға қарай иіледі.
«У-у-у!» деп қайталайды.
3
«Мәшине»
Б.қ.: өкшеге отырып, қолдарын белге қояды: тізерлеп тұрады, саусақтарын
қысып «руль ұстайды», «Р-р-р» деген
дыбыс шығарады»
4
«Қайық»
Б.қ.: аяқтарын қосып отырады, қолдарын еркін ұстайды: қоларын созып алға қарай еңкейеді. «Ш-ш-ш!» деген дыбыс шығарады.
5
«Ат»
Б.қ.: аяқтарын қосып тұрады, жұдырығын түйіп, қолдарын алға созады: тізелерін жоғары көтеріп адымдайды.
6
«Секіру»
Өзін айналып оңға, солға қарай секіреді, жүреді. Жаттығуларды кезектестіріп жасайды.
Гимнастика жалпы тыныс алу жаттығуларынан басталады. Олардың мақсаты – дем көлемін арттырып, оның ырғағын қалыпқа келтіру. Баланы аузын жауып демалуға жаттықтырады. «Мұрныңмен терең дем ал, деміңді мұрынмен созып шығар» деген сөздерді айта отырып, балаларды мұрын арқылы тыныстауға үйретеді.
Жаттығуларды түрлі кедергілермен жасайды. Ересек адам қолын баланың кеудесіне қояды. Сол арқылы баланың терең дем алуына 1-2 секунд кедергі жасайды. Баланы демін іште ұстауға, тез әрі терең демалуға, демін ақырын шығаруға үйретеді.
Тыныс алу гимнастикасын жасаған кезде баланы шаршатып алуға болмайды.
оның иықтарын, мойнын қыспай, еркін ұстауына назар аудару қажет.
Тыныс алу жаттығуларының бәрі музыканың ырғағымен немесе санау арқылы, ауасы жақсылап тазартылған бөлмеде өткізілуі тиіс. Бұл жаттығуларды түрлі ойын тәсілдерін пайдалану арқылы жасаған дұрыс.
Тыныс алу жаттығулары адам организміндегі әрбір жасушаны оттегімен байытуға көмектеседі. Тынысын басқару қабілеті өз-өзін басқару қабілетін күшейтеді. Сонымен қатар дұрыс тыныстау жүректің, ми мен жүйке жүйесінің жұмысын жақсартып, адамды көптеген аурулардан арылтады, ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартады. Себебі, тамақ қорытылып, сіңбес бұрын алдымен қандағы оттегімен байып, тотықтануы тиіс.
Демді ақырын шығару бойды босатуға, тыныштандыруға, ашушаңдық пен толқу сезімдерінен арылуға көмектеседі.
Оған қоса, бұл жаттығулар тыныс жолдары сырқаттарымен, бронхит ауруларымен жиі ауыратын балалар үшін, өкпесі қабынып ем қабылдаған және өкпе демікпесіне шалдыққандар үшін ауадай қажет.
Тыныс алу гимнастикасы кез келген емге (дәрі-дәрмекпен емдеу, гомеопатиялық, физиотерапиялық ем) таптырмас қосымша болып табылады, балалардың әлі толық дамып жетілмеген тыныс алу жүйесін дамытады және организмнің қорғаныс күшін нығайтады.
Балаларға арналған тыныс алу жаттығуларын орындау техникасы:
балалардың ұртының ауаға толмау жағын қадағалау қажет (бастапқыда ұрттарын қолмен ұстап тұрса болады).
Тыныс алу жаттығулары:
Мұрынның бір жағымен демалу (оң және сол жақ).
Қолдарын түсіріп отырады, тез демалады, алақанын төмен қаратып, қолдарын қолтығының астына апарады.
Демін іште ұстайды. Бала терең дем алып, мүмкіндігінше демін шығармай іште ұстайды.
«Әуе шары». Өзін әуе шары ретінде елестетіп көреді: 1, 2, 3, 4 деп санаған кезде төрт рет терең дем алып, демін шығармай ұстайды. Содан кейін 5-ке дейін санап, демін ақырын шығарады. «Отыншы». Аяқтарының арасын иықтың аралығынан сәл тарлау етіп ашып тік тұрады: демін шығарған кезде қолдарын балташа ұстап, жоғары көтереді. Демін шығарған кезде балтаның ауырлығын сезініп тұрғандай қолдарын бірден төмен түсіреді, алға қарай еңкейеді, қолдарымен аяқтың арасындағы кеңістікті «балталайды». «Ух» деген дыбыс шығарады. 6–8 рет қайталайды. «Жеміс жинау». Тік тұрып, алманы алу үшін қолдарын жоғары көтереді, дем алады (3 секунд үзіліс). Қолдарын түсіріп, денесін алға және төмен еңкейетеді – демін шығарады. 3-4 рет қайталайды.
Қаласам солға қарай ысқырамын (басын солға бұрады, ернін дөңгелектеп үрлейді).
Қаласам оңға қарай ысқырамын (басын тік ұстайды, дем алады, басын оңға бұрады, ернін дөңгелектейді, демін сыртқа шығарады).
Жоғарыға (басын тік ұстайды, мұрын арқылы дем алады, еріндерін дөңгелектеп демін сыртқа шығарады, дем алады).
Бұлттарға үрлеймін (басын төмен түсіріп, иегін кеудесіне түсіреді, ауыз арқылы еркін дем алады).
Ал, әзірге, бұлттарды қуалайын (қолдарын айналдырады). 3-4 рет қайталайды.
«Тауықтар». Балалармен бірге жасаңыз. Тұрыңыз, еңкейіңіз. Басты төмен түсіріп, қолдарды қапталға созып «қанат» жасаңыз. «Так-так-так» деген сөздерді қайталап, тізеңізді шапалақтаңыз. Деміңізді сыртқа шығарыңыз. Бойды тіктеп, қолды жоғары көтеріңіз – тыныс алу. 5 рет қайталау керек.
«Ара». Балаға қалай отыру керектігін көрсетіңіз: бойды тіктеп, қолдарды кеуде тұсында айқастырады және басын төмен түсіреді.
Ара айтты: «Жу-жу-жу» (кеуде қуысын қысамыз және демімізді сыртқа шығарған кезде: «ж-ж-ж» деген дыбыстар шығарамыз, тыныс алған кезде қолдарымызды қапталға қарай сермеп, қанат қағамыз…)
Ұшамын, ызыңдаймын, балаларға бал әкелемін (тұрады және қолдарын қапталға созады, бөлмені айналып келеді, орнына оралады).
5 рет қайталайды. Балалардың мұрын арқылы дем алуына және терең тыныстауына назар аударыңыз.
«Аю мен тышқан». Педагог тақпақ айтады, балалар қимылдарды орындайды.
Аюдың үйі үлкен (бойын тіктейді, аяқтың ұшына тұрып, қолдарын жоғары көтереді, керіледі, қолдарына қарайды, ем алады).
Тышқанның үйі кішкентай (отырады, тізесін құшақтап, басын төмен түсіреді, «шш-ш» деген дыбыстармен демін сыртқа шығарады).
Аю тышқанға қонаққа бара жатыр (аяқтарының ұшымен жүреді). Бірақ үйге сыймайды. 3-4 рет қайталайды.
«Жел». Мен желмін, өте күштімін,
Қалаған жағыма ұшамын (қолдарын түсіріп, аяқтарының арасын аздап ашып тұрады, мұрын арқылы дем алады).
Қаласам, солға қарай ысқырамын (басын солға бұрып, еріндерін дөңгелектейді, үрлейді).
Оңға үрлесем де болады (басын тік ұстайды, дем алады, солға бұрады, еріндерін дөңгелектеп демін сыртқа шығарады).
Жоғарыға қарай (басын тік ұстап, мұрын арқылы дем алады, еріндерін дөңгелектеп демін сыртқа шығарады, дем алады).
Бұлттарға қарай (басын түсіріп, иегін кеудесіне тигізеді, демін ауыз арқылы шығарады).
Ал, әзірге бұлттарды қуамын (қолдарын айналдырып, қимылдар жасайды).
3-4 рет қайталайды.