Денешынықтыру



бет371/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   367   368   369   370   371   372   373   374   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

Шанамен сырғанау тәртібі:

  • кезекпен сырғанау керек;

  • төмен қарай сырғанағанда арақашықтық сақтау қажет (төменде ешкім болмаса ғана түсу қажет);

  • төменге түскеннен кейін тоқтап қалмай, сырғанақтың жолынан бірден тұрып кету қажет;

  • шананы бұра білу керек;

  • аяқ астынан кедергілер пайда болған кезде шананы тоқтата білу қажет; * шананы орнына алып қоюды ұмытпау. Шанамен сырғанауды әртүрлі ойындар кезінде де пайдалануға болады.

Шананы пайдаланып орындалатын спорттық жаттығулар.
Кім бірінші.
Үлкен шеңбер сызылады. Ортасына шанасы бар үш-төрт бала тұрады. Оларға әртүрлі тапсырмалар береді:

  • белгі берілген кезде шананы арқалығынан ұстап, шеңберден жылдам алып шығу.

  • содан кейін өз шаналарына тез отыру;

  • шеңберден шыққан кезде шаналарын ауыстырып, отырып алу;

  • шеңберден шыққан кезде қарды домалақтап алып, нысанаға оң және сол қолмен лақтыру.

Өтіп ал!
Қашықтығы 6 метрлік екі сызық сызылады. Балалар шанасын бірінші сызықтан екіншісіне жылдам жеткізеді, шанасына қар жинайды, жүгіреді, шанаға тізерлеп мініп инерциямен сырғанайды.
Қалған уақытта шананы жіппен сүйрейді.
Жалауға кім бірінші жетеді?
Балалар шананы жылжыту жылдамдығы бойынша жарысады:

Кім шапшаң?
Балалар үш адамнан бірнеше топқа бөлінеді. Әр топтағы бірінші нөмірлі бала старт сызығында шананың алдына тұрады, жіптен ұстайды; екінші нөмірлі балалар шанаға отырады, ал үшінші бала шананы итеру үшін арт жаққа тұрады. Белгі берілген кезде қарсы сызыққа дейін, өз жалауына қарай сүйрейді, жалаушаны айналып өтеді және орын ауыстырады.
Үшінші нөмірлі балалар (шананы итеретін) шананың алдыңғы жағына шыққан кезде жалаушаны алып, жоғары көтереді. Жалауды бірінші болып көтерген үштік жеңіске жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   367   368   369   370   371   372   373   374   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет