Үлкен шеңбер сызылады немесе үлкен жіптің көмегімен шеңбер жасайды. Балалар шеңбердің сыртына тұрады. Бір бала мысықтың рөлін орындайды. Ол шеңбердің ішіне тұрады; қалған балалар – құстар. Мысық көзін жұмып, ұйықтайды. Ал, құстар шеңберге секіріп кіреді, ұшады, отырады, дәндерді шоқиды. Мысық оянып кетіп, қуалайды. Құстар шеңбердің сыртына қарай қаша жөнеледі. Қолға түскен құстар шеңбердің ішіне тұрады. Біраздан соң басқа мысық сайлайды. Ойын қайталанады.
«Марғаулар мен күшіктер»
Ойынға қатысатын балалар екі топқа бөлінеді. Бір топтағы балалар марғаулардың, екінші топтағылар – күшіктердің рөлін орындайды. Марғаулар гимнастикалық қабырғаның қасында тұрады; күшіктер залдың екінші жағында (орындықтың артындағы үйшікте, бүйірімен қойылған баспалдақтың артында). Педагог марғауларды ақырын жүгіруге шақырады. «Күшіктер!» деген кезде – екінші топтағы балалар орындықтан өрмелеп өтеді. Марғаулардың соңынан төрт аяқтап қуады, үреді. Марғаулар мияулап, гимнастикалық қабырғаға өрмелеп шығады. Күшіктер үйшігіне қайтып оралады. Екі-үш рет ойнағаннан кейін орын алмасады. Ойын қайта жалғасады.